• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Маусым, 2019

Нұр-Сұлтанда сайлау туралы пікірталас өтті

1180 рет
көрсетілді

«Bolashaq» қауымдастығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы пікірталас өтті.

Жиынға Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығының бас директоры Арман Қашкынбеков, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев, «ЕLAMAN» әлеуметтік-инновациялық жобалар қорының төрағасы, блогер Алмаз Ержан, «Cascadia Consumer Electronics Corporation» компаниясының бас өкілі Tілектес Адамбеков және «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты.

 Жиынға қатысушылар сайлау науқаны барысында туындаған өзекті мәселелерді, сайлаудың өтуіне дайындық пен тәртібі жайлы талқылап, өз ойларымен бөлісті. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев сайлауда сайлауға қатысушылардың белсенділігі жоғары болатынын айтты.

«Билік транзиті болған сәттен бастап жастардың саяси өмірге деген қызығушылығы күрт артқан сияқты. Дегенмен бұл бірден іс-әрекетке айналады дегенді білдірмейді. Себебі қызығушылық, шешім қабылдау және іс-әрекет арасында белгілі бір уақыт аралығы бар. Менің ойымша осы сайлауда қатысушылардың белсенділігі барынша жоғары болады. Біздің орталықтың жүргізген сауалнамасына сәйкес жастарға қарағанда аға буын сайлауға белсенді түрде қатысуды жоспарлап отыр», деді Т.Қалиев.

Сонымен қатар спикерлер сайлау үрдістерін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлін, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудегі басқа елдердің тәжірибесі туралы кеңірек талқылады. Жиын соңында қатысушылар сайлаудың маңыздылығын айта отырып, барша қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды.