• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2019

Маңғыстау полицейлері ірі көлемдегі темекі контейнерін тәркіледі

875 рет
көрсетілді

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе Ақтау қаласы маңындағы өндірістік аймақтан сәйкес құжаттарсыз контрабандалық темекінің ірі партиясын анықтады.

Темекілер қорапқа салынған және 40 тонналық 7 контейнерге жүктелген. Қазіргі таңда аталған дерек Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдары жүргізілуде.