• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2013

ШАРАЙНА

202 рет
көрсетілді

ШАРАЙНА

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:32

Корольді жақтаушылар жеңіске жетті

Иорданияда өткен парламенттік сайлауда қазіргі билікті жақтаушылардан ұсынылған кандидаттар парламентте көп орын алды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сайлауда алдына елдің саяси және экономикалық жүйелерін өзгертуге ешқандай мақсат қоймаған «тайпалардан кандидаттар» басым орынға ие болған.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:32

Корольді жақтаушылар жеңіске жетті

Иорданияда өткен парламенттік сайлауда қазіргі билікті жақтаушылардан ұсынылған кандидаттар парламентте көп орын алды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сайлауда алдына елдің саяси және экономикалық жүйелерін өзгертуге ешқандай мақсат қоймаған «тайпалардан кандидаттар» басым орынға ие болған.

Дегенмен, сайлауда тәуелсіз кандидаттар парламенттегі орынның төрттен бірін, яғни 150-ін алыпты. Парламенттік сайлауға елдегі оппозициялық күш саналатын «Исламдық іс-қимыл майданы» бойкот жариялаған еді. Осы ұйымның мәліметінше, тізімге дауыс беруге тиіс сайлаушылардың 50 пайызы ғана енгізілген. Олардың 56 пайыздайы сайлау учаскелеріне келген көрінеді. Атап өтейік, бірнеше айдан бері иорданиялық оппозиционерлер елдегі сайлау заңнамаларын қайта қарау мәселесін талап етіп келеді. Осыған байланысты ірі қалаларда бейбіт шерулер де өтіп жүр.

Егемендік декларациясын мақұлдады

Испаниядағы Каталония провинциясының парламенті басым дауыспен өздерінің аумақтық егемендігі декларациясын мақұлдады. «Гардиан» басылымының жазуынша, бұл Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігін алу туралы референдум өткізуіне жол ашады.Декларацияны парламент депутаттарының 85-і жақтап дауыс берген, 41-і қарсы болған. Екі депутат қалыс қалған. Тәуелсіздікке негізінен өңірдегі басқарушы «Конвергенция және одақ» блогы мен республикалық солшыл партиясы қолдау білдірген екен. Ал каталониялық социалистер мен Испания халық партиясы қарсы болыпты. Мақұлданған декларация символикалық құжат болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Барселона мен Мадридтегі орталық үкімет арасындағы қарсылықты ушықтыруға соқтыруы мүмкін. Каталония – Испаниядағы экономикасы дамыған провинцияның бірі, елдің ІЖӨ-сінің 20 пайызы соның үлесінде.

Ядролық сынақ жасайтынын мәлімдедіСолтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға қарсы санкциясын кеңейтуге жауап ретінде үшінші рет ядролық сынақ жасамақ. Бұл жөнінде Солтүстік Кореяның ұлттық қорғаныс комитеті мәлімдеді.

Мәлімдемеде алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар КХДР-дің «жауы» Америка Құрама Штаттарына қарсы бағытталатындығы аталған. Мәлімдемеде сондай-ақ, сөз «жоғары деңгейдегі ядролық сынақ» туралы болып отырғандығы айтылған. Ұлттық қорғаныс комитетінің мәлімдемесінде ядролық сынақтың қашан жасалатындығы нақты көрсетілмеген. Бірқатар сарапшылар Солтүстік Корея уран бомбасын сынақтан өткізеді деген болжам жасайды. Осы жылдың 22 қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-дің өткен жылдың желтоқсанында «Ынха-3» зымыранын ұшырғанына жауап ретінде қосымша санкция қабылдаған еді.

Қысқа қайырып айтқанда:* Санкт-Петербургтегі Михайлов театрына 10 миллиард рубль көлеміндегі қаржыға алаяқтық жасау ісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Театрдың қазіргі және бұрынғы басшыларының пәтерлері де тінтілуде. * Америкалық Дэвид Хэлди Үндістанның Мумбай қаласында болған террорлық әрекеттерді ұйымдастыруға қатысқаны үшін 35 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. *Приднестровьенің бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік министрі Владимир Антюфеевке іздеу жарияланды. Оған қызмет өкілеттігін асыра пайдаланған және аса ірі көлемде мемлекет қаражатын ұрлаған деген айып тағылып отыр. *Франция үкіметі Нигер еліне уран кеніштерін күзету үшін арнайы мақсаттағы бөлімше жіберді. Бұл елдегі «Арева» компаниясы француздарға қарайды.

Интеграциялық үдерістерге қатыспайды

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде алдағы уақытта еуропалық интеграциялану қателік болады деп мәлімдеді. Сондай-ақ Еуропа елдерінің басшыларын Еуропа Одағындағы саяси байланыстарды тереңдетуге талаптанудан сақтандырды.«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Дэвид Кэмерон форумда сөйлеген сөзінде Лондон бұл үдерістерге қатыспайтындығын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Еуропа елдерінің әрқайсысының өзіндік тарихы, өз салт-дәстүрі бар. Олардың өздері жеке шешім қабылдағысы келеді. Сондықтан оларды орталықтандырылған саяси одаққа тартудың қажеті жоқ. Сонымен бірге, премьер Ұлыбритания Еуропа Одағы рыногының ірі ойыншысы ретінде қазірдің өзінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, терроризммен күрес сияқты негізгі жалпыеуропалық міндеттерді шешуге қатысып жүргендігін атап өткен. «Алдағы уақытта осыған қатысты шешімдер қабылдау интеграцияны қажет етпейді», – депті премьер-министр.

Әлиевтің ескерткіші басқа жерге көшіріледі

Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің Мехикодағы ескерткіші басқа жерге көшірілетін болды. «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Г.Әлиевтің Мехиконың орталық саябағында орнатылған ескерткіші бұл жерден алынып, Әзербайжан мәдени орталығы орналасатын ғимаратқа қойылады.Гейдар Әлиевке ескерткіш Мексика астанасында өткен жылдың жазында орнатылған еді. Ақпарат көздеріне қарағанда, әзербайжандық тарап ескерткіш қойылған орталық саябақтың инфрақұрылымына 5 миллион доллар жұмсаған сияқты. Қала басшылығының ескерткіш орнату туралы шешімі кезінде көпшілік тарапынан сынға ұшыраған екен. Жақында қала билігі сол сыннан қорытынды шығарыпты. Әзербайжанның Мексикадағы елшісі Ильгар Мұхтаровтың айтуынша, ескерткіш саябаққа жергілікті билік пен Әзербайжан елшілігінің келісімі бойынша орнатылған.

Мерекені қақтығыспен бастады

Кеше Каирдегі Тахрир алаңында шерушілер мен қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің арасында қақтығыс болды. Египеттіктер төңкерістің екі жылдығын осылайша қақтығыспен қарсы алды. Бұл жөнінде «Әл-Жазира» хабарлады.Қақтығыс ереуілшілердің парламент пен министрлер кабинеті ғимаратының қоршауын алып тастауға әрекет жасауы кезінде болған. Ереуілшілердің бірқатары полицейлерге тас лақтырып, ел президенті М.Мурсидің отставкаға кетуін талап еткен. Ал полицейлердің ереуілшілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолдануларына тура келген. Қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шеккен. Мемлекет басшысы төңкерістің екі жылдығын бейбіт түрде атап өтуге шақыруда.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.