Өңірдің барлық аудан-қала өнерпаздары қатысқан байқау қорытындысында бас жүлдені ақтаулық өнерпаздар иемденді. Ақтаулықтардың еншісіне Бас жүлдеге тігілген автокөлік бұйырды. Бірінші орынды Маңғыстау ауданы мен Жаңаөзен қаласы бөлісті, ал екінші орынға Бейнеу ауданы мен Түпқараған ауданы өнерпаздары лайықты деп танылды.
Мұнайлы және Қарақия аудандары өнерпаздары үшінші орынға табан тіреді.
Марапаттау салтанатты шарасының соңы концертке ұласты.