• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2019

Қазақстан кардиологтарының XI конгресі өтіп жатыр

1159 рет
көрсетілді

Бұл күндері Денсаулық сақтау министрлігінің биылғы ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, Алматыда үш күнге созылатын Қазақстан Республикасы Кардиологтарының XI Конгресі өтіп жатыр.

Кеше, Конгрестің алғашқы күнінде артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамы, Қазақстан аритмологтар қоғамы, Жібек жолы елдері Жүрек ырғағы қоғамы, Жүрек-қан тамырлары созылмалы аурулар жөніндегі сарапшылар қоғамы бірлескен сессиялар, сателлиттік симпозиумдар өткізді.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, «Ұлттық медициналық университет» ҒАҚ ректоры Т.Нұрғожиннің, Кардиологтар қауымдастығы президенті С.Беркінбаевтың қатысымен Конгресс салтанатты түрде ашылды

Сондай-ақ бүгін Еуропа кардиологтары қоғамы мен Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі Еуропа қауымдастығы мен бірлескен сессия өткізіп, оған Вера Регитс Загрочек, Лопатин Юрий Михайлович, Марио Марзилли қатысты. Кардиологияның негізгі бағыттары бойынша секциялық ғылыми мәжілістер мен шеберлік сабақтары өтті.

Ертең, 7 маусым күні көктамыр және күретамыр тромбозын, өкпе гипертензиясын алдына алу және емдеу тақырыбында сессиялар өтеді.

Үш күн бойы кардиологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері, күретамыр гипертониясын диагностикалау, емдеу және алдын алуға арналған жаңа тәсілдемелер, интервенциялық кардиологиялар саласындағы инновациялар, кардиологиядағы хирургиялық емдеу әдістері, атап айтқанда, Қазақстандағы жүрек трансплантациясы, кардиологиядағы коморбидтілік мәселелері, жүрек-қантамыр ауруларын алдын алу мәселелері талқыланады.

Форум жұмысына алыс және таяу шетелдің  (Италия, Голландия, Израиль, Ресей, Беларусь, Украина) жетекші ғалымдары, өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас мамандар, қанайналым жүйесі аурулары және медициналық білім беру жөніндегі үйлестірушілер, кардиологтар мен терапевттер қатысып отыр.

Конференция бағдарламасында 100-ден аса баяндама қамтылған, соның ішінде отандық делегаттарының саны 400-ге жуық.

Форум соңында еліміздегі кардиологиялық қызметті жетілдіру жолдарын белгілейтін қарар қабылданады.