• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2013

24 сағат

324 рет
көрсетілді

24 сағат

Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 7:51

Бұрнағы күні Бразилияның Санта-Мария қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан 231 адам қаза тапқаны бел­гілі. Осы қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күндік қа­ра­лы күн жарияланды. Көз жұм­ғандардың жақындары би­лікке кінәлілерді әділетті жаза­лау керек деген талап қойып отыр.

 

Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 7:51

Бұрнағы күні Бразилияның Санта-Мария қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан 231 адам қаза тапқаны бел­гілі. Осы қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күндік қа­ра­лы күн жарияланды. Көз жұм­ғандардың жақындары би­лікке кінәлілерді әділетті жаза­лау керек деген талап қойып отыр.

Нидерланд патшайымы Беа­трикс тағын үлкен ұлы, 45 жастағы ханзада Виллем-Александрға беретін болды. Бұл туралы патшайым ұлтқа телеүндеуінде жария етті. Беатрикс 31 қаңтарда 75 жасқа толады. Ол таққа анасы Юлианадан кейін 1980 жылдың 30 сәуірінде отырған болатын.

Германия канцлері Ангела Меркельдің кабинетінде Гер­ман Герингтің коллекциясынан кілем бар екені белгілі болды. Бұл жөнінде «Дейли Теле­граф» агенттігі хабарлады. Ба­сы­лымның деректерінше, пар­сы кілемі нацистер екінші дү­ниежүзілік соғыс уақытында ұр­лаған 600-ден астам өнер ту­ындыларының бірі болып табылады.

Өзбекстан 40 күнге  созылған үзілістен кейін Ресейге табиғи газ жіберу үдерістерін қайта жалғастырды. Экспорт өткен жылдың 16 желтоқсанында тоқ­татылған болатын. Өзбек жағы бұл қадамға күннің күрт сууына байланысты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барғанымен түсіндірген еді. «Газпром» өткен жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінен 33 млрд. текше метр газ сатып алыпты.

Иранда шетелдік БАҚ-­тардың жергілікті бөлім­ше­ле­рімен байланыста болған 14 журналист тұтқындалды. Олардың 9-ы ер адам болса, 5-уі әйел. Журналистердің нақты кімдер екені айтылмай­ды. Жалпы, Иранда өз жур­налистерімен күрес жүргізіліп келе жатқалы біраз болды. 2000 жылдан бері елде 120-дан астам газет жабылса, олардың  ондаған редакторлары мен қызметкерлері түрмелерге жабылған.

Сенатор Анатолий Лысков Мемдумаға депутаттардың өкі­леттіктерін соттың шешімінсіз-ақ жоятын заң жобасын енгізді. Бұл жерде әңгіме бірінші кезекте депутаттардың заңға қайшы әрекеттермен, атап айтқанда, бизнеспен айналысуларына қатысты болып отыр. Өйткені, заң кез келген коммерциялық қызметке тыйым салады.

Түркия «Анка» деп аталатын ұшқышсыз ұшатын жаңа ұшу аппаратын қабылдау сынағынан өткізуді аяқтады. Аталған аппаратты жасау 2009 жылдың соңына таман қолға алынған болатын. Енді оны әскерилермен сериялық өндіріске қою туралы келісім-шарт жасалмақшы.

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы темір жол өткізу бекетін ашты. Бірақ толықтай емес. Қырғыз және өзбек тарапы енді басқа өткізу бекеттерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек. Өзбекстан Қырғыз­стан­мен шекарадағы темір жолды үстіміздегі жылдың 21 қаң­тарында біржақты негізде жауып тастаған еді.  Қырғыздарға іс жүзінде көрші мемлекетке өтуге тыйым салынған-тын.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.