Арнайы курстан өткендер қатарында Нұр-Сұлтан шаһары, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Түркістан және Ақмола облыстарының әкімдіктері мен Парламент Мәжілісінің, Мәдениет және спорт, Энергетика министрліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратураның қызметкерлері бар. Сертификаттарды АХҚО басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтекенов, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтайыр Ахметов, АХҚО академиялық кеңесінің төрағасы Александра Ван де Путт табыстады.
Ә.Ахметов бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны қалыптасқанын, оларға қойылатын талап та күшейгенін жеткізді. Аталған курсты тәмамдаған Түркістан облыстық туризм және сыртқы саясат басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева енді көрген-түйгенін өз өңірінде жүзеге асырмақ.
– Қаражатты жұмсау мәдениеті, әлемдік экономикадағы соңғы үрдістер жайлы кеңінен мағлұмат алдық. Оның ішінде жасыл технологияны дамыту жолдары, инвестиция тарту амалдары қарастырылды. АХҚО-ны әлемдік деңгейге көтеру жөнінде ілкімді ойлар айтылды. Туризм саласында қызмет еткендіктен қаржы институттарымен жұмысты жолға қоюдың тетіктерін, сонымен қоса ынтымақтастықты арттырудың әдісін меңгердік, – дейді мемлекеттік қызметкер.
Жақсылық Мұратқали,
«Egemen Qazaqstan»