Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы №133-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. «Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда. Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын», - деді Ө.Шөкеев ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Облыстағы сайлаушылардың саны - 1 181 946. Өңірдегі саяси процесті шетелдік бақылаушылар бақылауда. Сондай-ақ еліміздегі қоғамдық бақылаушылар да өз құзыреті шеңберінде жұмыс істеуде.
Түркістан облысы