Жексенбі күні Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жанындағы №265 сайлау учаскесінде дауыс берді. Айта кетейік, Мәскеудегі сайлау учаскесінен тыс, Қазақстанның Ресей аумағындағы дипломатиялық өкілдіктерінің жанында тағы төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар: Санкт-Петербург (№290 сайлау учаскесі), Астрахан (№291), Омбы (№292) және Қазан (№301) қалаларында. ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, РФ аумағында 1 600-ден астам қазақстандық дауыс беруі мүмкін.