20 маусым күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтарды кездесу барысында, Министрлік сайтында «2019 жылғы 20 маусымдағы есеп беру кездесуі» атты бөлімінде (http://www.mks.gov.kz) және «электрондық үкімет» веб-порталының «Ашық диалог» атты бөлімінде (http://egov.kz) онлайн режимде қоюға болады. Сонымен қатар, аймақтардың тұрғындары үшін сұрақты онлайн қою мүмкіндігі бар бейнеконференция байланыс қамтамасыз етіледі.
Кездесу Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылатын болады.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының «Киноконцерттік» залы.