«Көп түкірсе көл» дейді халық даналығы. Бірі кірпіш, бірі ағаш, бірі қажет құрылыс материалдарын алып беріп, қамкөңіл анаға қуаныш сыйлады.
Еріктілер тобының жетекшісі Қоғамбек Бейсембиев қайырымдылық халқымызға тән қасиет екендігін айтады. Бұрындары да үй салуға жағдайы келгенімен жұмыс қолы жоқ отбасыларға ауыл болып асарлатып үй көтеріп беру дәстүрі бар. Ал, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек қолын созу-әр азаматтың борышы.
Еріктілер сауапты істерін әрі қарай жалғастырмақ ниетте әлеуметтік дүкен ашып отыр. Ондағы мақсат тұрмыс қиындығымен бетпе-бет қалған ауылдастарына жәрдемдесу. Қайырымдылық шарасы осылай жалғаса беретін болады.
Қызылорда облысы