• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2019

Есірткі тасимын деп есі шықты

343 рет
көрсетілді

Адамдардың санасын тұмандатып, ақыл-есінен айыратын психотроптық заттарды сату қанша жерден тосқауыл қойылса да бәсеңдер емес. Оңайдан олжа іздегендер бұл ісінің заң алдында да, жаратқан алдында да қылмыс екендігін білгенімен тар пейілдеріне тоқтам сала алмайтын сыңайлы.

Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан шыққан күмәнді машина туралы алдын ала хабардар болған полицейлер автокөлікті тоқтатқанда сезіктерінің алдамағанына көзі жетті. Пакетке оралған шөп ұнтағы даланың жабайы шөбі емес екен.

«Ол зат жүргізуші орындығының астынан табылды. Шөп ұнтағына тиісті сараптама тағайындалды. Қорытынды бойынша полиэтилен пакетке салынған ұнтақ салмағы 1268,92 келіні құрайтын марихуана екені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген еді. Енді ол аудандық соттың үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда облысы