• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2013

Оңтүстік Корея қарсы соққыға дайын

349 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея қарсы соққыға дайын

Бейсенбі, 7 наурыз 2013 7:19

Оңтүстік Корея егер КХДР өзіне қатысты әскери күш қолданар болса, өзінің де қарсы соққы беруге дайын екенін хабарлады.  Оңтүстік Кореяның әскери билігі  мұндай мәлімдемені Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларын болдырмау туралы талабына байланысты жасап отыр.

Бейсенбі, 7 наурыз 2013 7:19

Оңтүстік Корея егер КХДР өзіне қатысты әскери күш қолданар болса, өзінің де қарсы соққы беруге дайын екенін хабарлады.  Оңтүстік Кореяның әскери билігі  мұндай мәлімдемені Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларын болдырмау туралы талабына байланысты жасап отыр.

Бұған дейін КХДР егер Оңтүстік Корея мен АҚШ 2013 жылдың 11 наурызына белгіленген бірлескен әскери жаттығуларды өткізуден бас тартпайтын болса, онда 1953 жылғы бітімді бұзатындығын мәлімдеген болатын.  Айта кету керек, КСРО мен ҚХР-дың қолдауындағы коммунистік Солтүстік пен Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауындағы капиталистік Оңтүстік арасындағы корей соғысы тек бітімге қол қою арқылы ғана тоқтатылған болатын.  Бір жағынан Солтүстік Корея мен Қытай, екінші жағынан БҰҰ әскерлері (іс жүзінде АҚШ өкілдері) қол қойған сол бітім формальді түрде күні бүгінге дейін күшінде тұр. Сонымен бірге, Америка әскерлерінің әлі күнге Оңтүстік Корея аумағынан кетпегенін де еске сала кету қажет.

Кардиналдар Бенедиктке алғыс айтты

Бұрнағы күні конклавқа дайындалуға және оны өткізетін күнді белгілеуді талқылау мақсатында  Ватиканға келген кардиналдар бұрынғы Рим папасы Бенедикт ХVI-ға алғыс хат жолдады. Ватиканға жиналған кардиналдар оның Рим католик шіркеуінің иесі ретінде болған барлық жарқын кезеңіне, сондай-ақ католик шіркеуі мен бүкіл әлем үшін көрсеткен ізгі ниетті қайырымдылығы үшін тағы да ризашылық білдіре отырып құрметті понтификке берілгендікпен алғыс айтады, делінген кардиналдар жолдауында. Сонымен бірге, телеграммада кардиналдар алғысының оның қажырлы еңбегін бүкіл католик шіркеуінің мойындауы болып табылатындығы да келтірілген.

Босқындар саны миллионға жетті

Сириядан шыққан босқындар саны миллион адамға жеткен. Бұл туралы БҰҰ-ға сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлаған. Осы агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда, босқындардың тең жартысы жастары 11-ге де жетпеген балалар көрінеді.Миллионға жуық адам басқа жақтарға кетті, тағы миллион адам ел ішінде тұрғылықты жерлерін ауыстыруда, мыңдаған адам күн сайын шекарадан өтуде, деп мәлімдеген БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антониу Гутерриш. Оларға көмек көрсету үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бұл қасіретті тоқтату қажет, деп атап көрсеткен ол. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, соңғы екі айда ғана 400 мыңнан астам адам Сириядан кетуге мәжбүр болған. Сөз орайында Сирияда 22,5 миллион халық тұратынын айта кету керек.

Министр корольге ант берді

Бельгияның жаңа қаржы министрі 55 жастағы Кун Генс өткен сейсенбі күні бельгиялықтар королі Альберт Екіншіге ант берді. Бұған дейін ол Левен университетінің профессоры лауазымында қызмет атқарған болатын.Генсті министрлік лауазымға Бельгияның премьер-министрі ұсынған еді. Ал оған дейінгі министр Стевен Ванакере, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әлеуметтік ұйымның акцияларын сатып алуға қатысты істі адал жүргізбегені үшін отставкаға кеткен болатын. БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, аталмыш дау-жанжалға көлемі жағынан Бельгиядағы екінші қаржы ұйымы саналатын Belfius банктің де қатысы бар көрінеді. Кун Генстің қаржы құқығы мәселесіне маманданып жүргенін де айта кету қажет.

Су асты флотын құруға көмектеспек

Ресей Вьетнамға су асты флотын құруға көмектеспек. Ханойда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу осындай мәлімдеме жасады.Биыл біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Вьетнам Республикасы әскери-теңіз флотының тарихында жаңа парақ ашылады – су асты флоты пайда болады, деп атап көрсеткен С.Шойгу вьетнамдық әріптесі Фуанг Куанг Тханьмен кездесуден кейін. Сонымен бірге, С.Шойгу Вьетнам қорғаныс министрімен сүңгуір қайықтарды дайындау мен экипажды дайындау мәселелерін үйлестіру жөніндегі мәселенің талқыланғанын да жеткізген.

Азаттығы жоқ адам әскерде қалай қызмет еткен?

Джалал-Абадтың бұрынғы әскери комиссары Курманбек Абдраимахунов Қырғызстанның азаматы болып табылмайтын Өзбекстан тұрғынының қырғыз армиясы қатарында қызмет етуіне көмектескен, деп хабарлады МҰҚК. Бүгінде Абдраимахуновқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.20 жасар Сардорбек Темиров Төтенше жағдайлар министрлігінің Джалал-Абад облысы Таш-Кумыр қаласындағы әскери бөліміне «заңсыз» шақырылған, деп атап көрсетілген Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз релизінде. МҰҚК мәліметтеріне қарағанда, Темиров Өзбекстан тұрғыны болғанымен, оның өзі «азаматтығы жоқ адам» көрінеді. Арнайы қызмет оның 2012 жылдың желтоқсанында әскерге шақырылуына Джалал-Абад қалалық бірлескен әскери комиссариатының бастығы подполковник Курманбек Абдраимахуновтың жағдай туғызғанын анықтаған. Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу жалғасуда.

Премьер демократ-министрлерді қызметтерінен босатпақ

5 наурызда Коммунистер партиясы мен Демократиялық партия депутаттары сенімсіздік вотумын білдірген Молдавияның қазіргі премьер-министрі Владимир Филат өзі отставкаға кеткенге дейін Демпартиядан тағайындалған барлық министрлерді қызметтерінен босатпақ ниетте.Оның айтуынша, демократ-депутаттар министрлер кабинетіне сенімсіздік білдіргеннен кейін осы партиядан тағайындалған министрлер «ықтимал арандатушылар» ретінде жаңа құрам жасақталғанға дейін жұмыстарын жалғастыратын үкімет құрамында қала алмайды. Сонымен бірге, ол парламент төрағасы Мариан Лупудың да отставкаға кетуін күтетінін мәлімдеген. Ал Демократиялық партиядан сайланған Лупу болса өз еркімен отставкаға кетпейтінін айтқан.

Интернет материалдары  негізінде әзірленді.