Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз бөлімі таратты. Сондай-ақ «Petrochemical Transportation Company» ЖШС Алматы облысының Алакөл ауданында индустриалды парк салуды жоспарлап отырғаны да белгілі болды.
Ведомство мәліметі бойынша, 1,5 мың гектар жерге салынады деп отырған индустриалды парк жобасының құны 16,5 млрд теңге деп бағаланып отыр. Паркті пайдалануға беру мерзімі 2020 жыл.
«Petrochemical Transportation Company» ЖШС - 2016 жылы тіркелген теміржол көлігі арқылы республика ішінде және халықаралық қатынас бойынша көлік-логистика қызметінің толық спектрін көрсететін компания.
АЛМАТЫ