• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2019

Павлодар облысында жыл сайын 650 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылады

647 рет
көрсетілді

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 2018 жылы қоршаған ортаны қорғау мақсатында 529,9 миллион теңге бөлінген.

Ал, биыл бұл мақсатқа 1 498,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Сонымен қатар, өткен жылғы «Экология жылы» аясында облыс әкімдігі өңірдегі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» 15 ірі кәсіпорынмен меморандум жасасты. Олардың қатарында Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Нефтехим LTD», «Каустик» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС бар.

Меморандум аясында өндірістік кәсіпорындар атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған стансаларды орната бастады. Мысалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ санитарлық қорғау аймағының шекарасында оптикалық мониторинг жүйесін құрды.

Қазіргі таңда станса сынақ режимінде жұмыс істеуде. Кәсіпорындарда мұндай жұмыстар 2020 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасын арнайы белгілеп, экологиялық жасыл белдеу құрылады.

Биыл кәсіпорындар аумағында 30 мың көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Ал, өңірімізде жыл сайын 650 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Жиналған қалдықтар көлемі 5,8 миллион тоннаны құрайды.

Қайта өңдеудің (сұрыптауды қоса алғанда) үлесі жалпы қалдықтардың 2,7 пайызын құрайды. Өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу саясаты еліміздің «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазір өңірімізде қоқысты сұрыптап жинау жүйесі қолданылуда.

ПАВЛОДАР