• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2019

Аудандар жәрмеңкеге неге сүт әкелмейді?

979 рет
көрсетілді

Облыс орталығында апта сайын «Квазар» сауда үйінің жанында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары арасында құс етіне, жұмыртқаға, сарымайға, сүтке деген сұраныс жоғары.

Әр апта сайын жәрмеңкеге облыс орталығына жақын орналасқан өңірдегі Аққулы, Успен, Шарбақты, Тереңкөл аудандары мен Павлодар қаласы аумағына қарасты ауыл аумақтарының  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады.

Облыс орталығының тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін асыға күтеді. Картоп, көкөніс өнімдерінің келісі 50-60 теңге аралығында. Жәрмеңкеде барлық өнім бар, жеткілікті. Тек сүт жоқ, сүт аудандардан жеткізілмейді.

Апта сайын келетін жалғыз Успен ауданы, «Галицкое» ЖШС-нің сүтін сатып алу үшін қала тұрғындары ұзын-сонар кезекте тұрады. Сүтке сұраныс көп болғандықтан, бір емес, бірнеше жерден сатылуы керек дейді тұрғындар.

Облыс әкімі Болат Бақауов мамыр айында жәрмеңкені аралаған кезде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына сүтке сұраныс жоғары болғандықтан, бірнеше жерден сатуға тапсырма берген еді. Осы аптада өткен, 8 маусым күнгі жәрмеңкеде тұрғындар «Галицкоеның» сүтін сатып алу үшін тағы да кезекке тұруға мәжбүр болды. Серіктестік сүттің 1 литрін 130 теңгеден саудалайды. 

Ал Тереңкөл ауданынан келген «Кедр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жеке меншік қосалқы шаруашылықтардан сүттің литрін 70 теңгеден сатып алады. Жиналған өнімді май өңдеу зауытына тапсырады.

- Ал жәрмеңкеде 130 теңгеден саудалайды. Сүтке сұраныс көп, - дейді кәсіпкерлер.

Павлодар облысы

Суретті түсірген Валерий Бугаев