• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Маусым, 2019

Садақ атудан әлем чемпионаты өтуде

429 рет
көрсетілді

Бұл күндері Голландияның Хертогенбос қаласында садақ атудан лицензиялық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы жарыста Қазакстанның 12 спортшысы бақ сынауда.

Классикалық үлгідегі садақпен ату сайысында Қазақстанның ерлер командасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар АҚШ құрамасымен шеберлік байқасады. Бастапқы бәсекелерде кипрлық Мимис Эль Хелали мен үндістандық Даса Атанудан басым түскен Денис Ганькин келесі кезеңде франциялық Пьер Плихонмен кездеседі. Үшінші айналымға Санжар Мұсаев та еш қиналмай жетті. Ол өзбекстандық Зокиржон Гафуров пен украиналық Юрий Хавелконы жолынан ығыстырды. Енді қандасымыз Оңтүстік Кореяның өкілі Ли Сюнджунмен сайысқа түседі.

Осы әлем чемпионатында алғашқы сегіз орынды иеленген командалар және жекелген бәсекелерде озық төрттіктен көрінген сергендер келесі жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарында күш сынасу құрметіне ие болады.