• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 13 Маусым, 2019

Мырзатай Жолдасбеков: Айтқаны келсін, дегені болсын!

1471 рет
көрсетілді

Халықтың сенімін иелену үшін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау болатынын жариялаған еді. Барлығы­мыз куә болғандай,  сол сайлауда жеңіске жетті. Ұлықтау рәсімінде Президент өте жақсы сөйледі. Мемлекет­тің беделін көтеруге, халқымыз­дың ынтымағы мен әл-ауқатын арттыруға арналған шаралар туралы, атқаратын істері туралы өте жақсы айтты. Әсіресе жем­қорлыққа қарсы аяусыз күрес бас­тайтыны және мұғалімдер мен дәрі­герлердің беделін көтеру туралы заң қабылданатыны қуант­ты. Жалпы, халықтың жалақы­сы төмен екенін ескеріп өт­кені де маңызды. Елімізде жалақы төмен, оны көтеру керек. Айтқаны келсін, дегені болсын! Халқымыз жақсы заманда өмір сүре берсін!

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор