• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашады

319 рет
көрсетілді

Бүгінде мемлекеттік қам­қор­лықтың арқа­сында медицина саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Біз мұ­ны өңірдің денсаулық сақтау са­ласында атқарылып жат­қан жұмыстардан көріп отырмыз.

Бұрын қарапайым ота жасату үшін жұрт ірі қалаларды жаға­лайтын болса, бүгінде аудан орта­лықтарындағы ауруханаға сеніммен барады. Мә­селен, соң­­ғы жылдары облыста өлім-жітім көрсеткіштері мың адам­ға шаққанда 5,44-ге жеткен. Яғни, 1,8%-ға төмендеген. Қан ай­налымы жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 10,4%-ға төмендегені көңіл қуантады. Сол сияқты қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 0,9%-ға, құрт ауруымен сырқат­тану­шылық көрсеткіші 9,2%-ға төмендеген.

Ана мен бала денсаулығын қор­ғау мәселесінде де жақсы көр­сет­кіштер бар. Ана өлімінің алдын алу­да жүйелі шаралар жалғасып келеді. Бүгінде 75 млн теңгенің ме­ди­циналық құрал-жабдықтары алынып, нәтижесінде ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған медициналық ұйымдардың құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 77%-дан 85%-ға дейін жеткі­зілді. Жергілікті бюджеттен қаржы­лан­дырылатын босанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесі 2016 жылы ашылып, жұмыс істеп жатыр.

2017 жылдан бастап қанатқақты режімде, ал 2018 жылдан бастап барлық жүкті әйелдер мен балаларға арналған патронаждық қызмет көр­сетудің әмбебап-прогрессивті мо­делі енгізіліп, жұмыс істейді.

 Неонатальды хирургия маман­дарының біліктілігін арттыру мақ­сатында екі маман (хирург, неонатолог) Корей елінде білімін жетілдіріп, нәтижесінде осы сала бойынша хирургиялық белсенділік артты. Сонымен қоса, балалар ауруханасы бойынша көлемді оталар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 512 жағдайға немесе 96%-ға өскен.

Хирургиялық ота жасаудың жаңа әдістері тәжірибеге енгізілді. Оның ішінде, шұғыл отаны қа­жет ететін жағдайы тұрақсыз нәрес­телерге, сол мезетте палатада кю­вез трансформерде ота жасау әдісі, лапороскопиялық ота жасау, эндоскопиялық аденоидоэктомия, краниопластика, өте аз салмақтағы нәрестелерге наркоз беру, Өңеш атрезиясы анықталған нәрестеге ота жасау сияқты ауруларды емдеу­де жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің желісі нормативке сәйкестендірілді. Екі жылда 25 медициналық нысан қолданысқа берілді. Соңғы бес жылда елді мекендердегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың 63%-ы жа­ңартылды. Ағымдағы жылы Арал, Қазалы аудандық орталық ауруханалары, 3 дәрігерлік амбулатория (Ақ­жарма, Бекбауыл, Өркендеу) қолданысқа берілді. Ал Шиелі ауда­нында орталық ауруханасының құ­рылысы жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау саласында об­лыстағы денсаулық сақтау ұйым­дарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға соңғы бес жыл ішінде 8 047,4 млн теңгеге меди­циналық құрал-жабдық сатып алынып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың материалдық техника­лық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 34,9%-ға өсті.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Байқоңыр қаласындағы ОМО филиалында емхана ашылып, оған осы уақытқа дейін Ресей Феде­рациясының медициналық ұйым­дарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса қазақстандық тіркелді. Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халыққа мамандандырылған меди­циналық көмектің қолжетім­ді­лі­гін арттыру мақсатында 2019 жыл­­­­дың 1 қаңтарынан бастап осы елді мекендерде орналасқан меди­циналық ұйымдар Байқоңыр қа­ла­­сындағы облыстық медицина ор­та­лығы фи­лиалының құрамына берілді.

Амбулаториялық деңгейде бе­рі­летін тегін дәрі-дәрмектерге Те­гін медициналық көмектің ке­піл­­дік берілген көлемі шеңбе­рін­де амбулаториялық деңгейде тұр­ғындарды тегін дәрі-дәрмек­термен қамтамасыз ету үшін 2018 жылға бөлінген қаржы былтырғымен салыс­­тырғанда 2 есеге өсіп, 6 млрд 431 млн теңгеге жетті.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 32 медици­налық ұйымға медициналық ақпа­рат­тық жүйелер енгізіліп, көрсеткіш 100%-ға жеткізілді.

Үкімет пен облыс әкімдігінің ұзақ жылдарға арналған кешенді жос­парларының арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Бүгінде әлемдегі дамыған мемлекет­тердің медициналық қондырғылары қазақстандықтарға қызмет ете бас­тады. Мамандарымыз кәсіби білік­тілігі жағынан өсті. Халқымыз ең үлкен байлыққа денсаулықты жат­қызады. Қызылорда облысында халықтың денсаулығын жақ­сарту жолында осындай кешенді жұ­мыс­тар жүргізіліп жатыр.

Бақытжан НАРШАБАЕВ, Қазалы аудандық ауруханасының хирургі Қызылорда облысы