• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2019

Қоғамға қат мамандықтарға оқытады

287 рет
көрсетілді

Мемлекет тарапынан қабыл­данып жатқан бағдарламалар «екі қолға – бір күрек» іздегендерге ке­регін беріп жатыр. Қызылордада «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» жұмыссыз жүрген, бірақ лайықты мамандық іздеген жас­тарға мамандық беру үшін қысқа оқыту курстарын жүргізіп келеді. Жет­піс екі сағатқа негізделген қыс­­­қа курс бұл жолы «Аспаз», «Са­­ту және сатып алу менеджері» ма­­мандықтарына жиырма жасты оқы­тып, қолдарына сертификат берді.

 «Сұңқар» әлеуметтік қамқор­лық орталығы» қоры­ның директоры Жанат Сұңқарбаева қоғамдық сұра­нысқа мониторинг жүргізіп отыратындықтарын айтады.

Енді қоғамдық қор электрші, шаштараз және дәнекерлеуші ма­ман­дықтарына елу жасты оқыт­пақ ниетте.

Бүгінде көдедей көп мамандық иелері ішінде жұмыссыз жүрген жастар жетеді. Екінің біріне заң­гер және есепші қызметі табыла бермейді. Ал дәнекерлеуші, электрші, сантехник және аспаз сияқты ма­мандықтарға сұраныс көп. Жас­тардың қолына неміс мәте­лін­де айтыл­ғандай, «қарны аш­қанға балық емес қармақ беруді» ұстанған қоғам­дық қор осылайша жұмыссыздардың санын азайтуға үлес қосып жатыр. Қысқа оқу арқылы қосымша маман­дық алған жастардың алды кәсібінің нәсібін теріп жеп жүр.

 

Қызылорда облысы