• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2019

Ынтымақтастығымыз нығая береді

295 рет
көрсетілді

Елдегі жоғары мемлекеттік лауазымға кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлан­ғанына шын жүректен қуаныштымын. Қазақстан тәжірибелі саясаткер, интеллектуал, полиглот жаңа басшысымен дамудың жаңа кезеңіне өтеді деп сенемін.

2004 жылы Қазақстанның елордасында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Жапония Сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізді. Оның үйлестіруші ретінде «Орталық Азия + Жапония» форматындағы бірінші министрлік кеңесін өт­кізуі аймақтық саясатты қалыптастыру үдерісіндегі Қазақстанның рөлін мойындау ретінде қарастырыл­ды.  Аталған диалог үлгісі бойынша «Үндістан – Орталық Азия», «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы, АҚШ-тың қатысуымен «С5+1» бастамасы құрылды. Бұл бастамалар Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен негізгі сын-қатер­лерді шешуге ықпал етті.

Жапония мен Қазақстан арасындағы ынты­мақтастық алдағы уақытта да нығая түседі деп сенемін.

Йорико КАВАГУЧИ, Жапонияның 2002-2004 жылдардағы Сыртқы істер министрі