• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Маусым, 2019

Жастар белсенділігі жоғары

736 рет
көрсетілді

Кеше Nur Otan Talks алаңындағы кезекті отырыс «Team Qazaqstan: жастар және сайлау» деген тақырыпта өрбіді. Жастардың сайлаудағы және сайлаудан кейінгі белсенділіктері қызу талқыланған жиынға Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.

Отырысты ашқан М.Әшім­баев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жастармен жұмыс істеуге басымдық беруге уәде еткенін еске салды.

– Біздің Президентіміздің сайлауалды бағдарламасында да жастар мәселесіне қатысты нақты жоспарлар ұсынылды. Енді осы жұмыстардың барлы­ғын бірлесе жүзеге асыруымыз керек. Сонымен қатар өздері­ңізге белгілі, біз республикалық қоғамдық штаб жанынан «Team Qazaqstan» атты жастар қанатын құрған болатынбыз. Оған қо­сыл­ған жастар сайлау кезінде бел­сенді және нәтижелі жұмыс істе­ді. Алдағы уақытта да Team Qazaqstan қанатының әлеуетін кеңінен пайдаланамыз, – деді М.Әшімбаев.

Отырыс барысында TV продю­­­­сері, тележүргізуші Әй­ге­рім Есенәлі, «Болашақ» кор­по­ра­тивті қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы Динара Шәй­жүнісова, продюсер, теле­жүр­гізуші Асхат Садырбай,  Қазақ­стан Пре­зиденті жа­нын­дағы Мем­лекеттік бас­қару академиясы баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Берлібай, «Қазақстан жас­тары конгресі» республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі Ерғазы Әзімханұлы сөз сөйлеп, президенттік сай­лау­­дағы қызметтері мен жас­тар­­д­ың іс-қимылдарына қатысты ойларымен бөлісті. Сонымен қатар осы жолғы сайлауда қол­да­нылған шетелдік заманауи сайлау технологиялары жайында пікір алмасты.

Жалпы, жастар көшбас­шы­лары Президент сайлауында әлеуметтік желілердің кеңінен қолданылғанын, жастардың сая­си өмірге белсене араласып, өз болашақтарына бейжай қа­ра­майтынын дәлелдегенін жарыса баяндады. 

Team Qazaqstan қанаты еліміздің барлық аймақтарында белсенді жастардың басын қосып, соңғы үдерістерге сай әрекет етуде.