• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Медицина 20 Маусым, 2019

«Көбелек балаларды» емдеуге байланысты семинар өтті

595 рет
көрсетілді

Қазақстанда туабітті буллезды эпидермолиз диагнозы қойылған 56 бала бар. Оның 50% -ы 5-15 жас аралығында.

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Қазақстандағы буллезды эпидермолизге шалдыққан науқас балаларды емдеу, диагностикалау мен медициналық көмек берудің заманауи аспектілері» тақырыбында семинар өтті.

Педиатрия орталығы мен «Көбелек балалар» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен семинарға еліміздің барлық аймағынан 60-тан астам дерматолог, дермавенеролог, кардиоревмотолог, педиатр мамандарымен қатар Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының дәрігерлері қатысты.

Шеберлік сыныбына Мәскеудегі Mölnlycke Health Care компаниясының қолдауымен осы дертті емдеуде жақсы машықтанған Халықаралық генетикалық дерматоздар қауымдастығының дәрігерлері арнайы шақырылды.

Ресейлік мамандар семинарда буллезды эпидермолизге шалдыққан балаларды емдеу мен диагностикалау, медициналық жоғары деңгейде көмек көрсету, заманауи таңғыштарды пайдаланудың әдістері, жаңа туған нәрестелер мен балалардың неонаталдық және педиатриялық аспектілері бойынша дәріс оқып, Ресейдің кешенді емдеу тәжірибесімен бөлісті. Семинар аясында «Көбелек ауруына» шалдыққан балаларды қарап, шеберлік сыныпқа қатысушылар мен ата-аналардың мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Буллезды эпидермолиз — сирек кездесетін генетикалық тері ауруы. Аты жаман дертті халық арасында «Көбелек ауруы» деп атайды. Ауру атына сәйкес, науқастың терісі көбелек қанаты іспетті үлбіреп әрі күлдіреп тұрады. Аталған ауру жұқпайды, ол тұқым қуалайды.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар