Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:52
Жемқорлардың арасында ұсталып, қақпанға түсіп жатқандары да бар. Бірақ олардың нағыз озбырлары «Көп ұрласаң – қалқан, аз ұрласаң – қақпан» қағидасын ұстанады. Неғұрлым көп асағандар жазатайым ұсталып жатса, ұрлаған мол дүниесінің жартысын болса да беріп, құтылатыны анық. Аз ұрлаған ұсталса не өзіне, не параға жеткізе алмайды. Ал ұрлықтың аты ұрлық, заң бойынша ол да қылмыс.
Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:52
Жемқорлардың арасында ұсталып, қақпанға түсіп жатқандары да бар. Бірақ олардың нағыз озбырлары «Көп ұрласаң – қалқан, аз ұрласаң – қақпан» қағидасын ұстанады. Неғұрлым көп асағандар жазатайым ұсталып жатса, ұрлаған мол дүниесінің жартысын болса да беріп, құтылатыны анық. Аз ұрлаған ұсталса не өзіне, не параға жеткізе алмайды. Ал ұрлықтың аты ұрлық, заң бойынша ол да қылмыс. Сондықтан миллиондап қаржыны қалтасына басты ма, әлде тышқақ лақты алып қашып ұсталды ма, заң үшін бәрібір. Сотталады да кетеді. Міне сондықтан да біздің жемқорлар неғұрлым көп асауға ұмтылады. Ал біреулер оларды сөгеді: неге жемсаулары сөгілмейді деп. Егер бұлар болмаса оларға дем беріп жүргендер қайтіп тыныш жатпақ. Дұрысы соларды баптау арқылы қадағалап жүргендер қалай байымақ? Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бұрынғы бастығы, жобалық-сметалық құжаттаманы бекіту үшін бөлімнің бастығына беремін деп ЖШС директорынан 4 млн.теңге алған. Әрине, ол ұсталды, сотталды. Шығыс Қазақстан облысында Курчатов қаласы Әділет басқармасының бұрынғы бастығы алаяқтық жолмен ЖШС өкілінен жалпы қамқорлық үшін және Курчатов қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен ескі үйді бұзу келісім-шартына отыруға көмектесу үшін 20 мың 500 АҚШ доллары мен 254 мың теңге пара алған.
Оңтүстік Қазақстан облысында ауданның бұрынғы әкімі және ауылдық округінің әкімі ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде дүкен мен жылыжай салуға жер телімін бергендері үшін кәсіпкерден жалпы соммасы 7 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Павлодар облысында Екібастұз қаласының Әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бұрынғы бастығы мен осы бөлімнің сектор меңгерушісі ЖШС-не бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз адамдарды жібергені үшін аталған кәсіпорын басшысынан бопсалау жолымен бірнеше мың теңге пара алған. Алматы қаласында әскери бөлім командирінің құқықтық жұмыс бойынша көмекшісі әскери қызметкерлерге арналған пәтерлерді тапсыруды кешіктіргені үшін айыппұл салмау және фирманы теріс пиғылды мердігерлер тізіміне қоспау үшін ЖШС директорынан 20 мың АҚШ долларын талап еткен. Алматы облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бұрынғы бас маманы ЖШС директорынан 8 мың АҚШ доллары сомасында пара алған.Бұлардың бәрін анықтап жатқан Қаржы полициясы екендігі сөзсіз. Әрине, олардың ісінде де заңсыздық бар, жоқ деп айту қиын. Дегенмен, Қаржы полициясы қызметкерлерінің шағын және орта бизнес қызметіне негізсіз араласуының әрбір жағдайы төтенше оқиға ретінде қарастырылатыны белгілі. Өткен жылы қаржы полициясы органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен қаржы полициясы қызметкерлерінің кәсіпкерлікке заңсыз араласудың 18 дерегі анықталды. Қызметтік тексерулердің қорытындысымен әкімшілік жауапкершілікке 49 қызметкер тартылды, оның ішінде 15 басшылық лауазымдағылар, олардың 5-уі лауазымдарынан босатылды. Осындай жүгенсіздіктер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің тергеушісі сотталды. Ол ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысынан оған қатысты қылмыстық істі қысқарту үшін көлемді пара бопсалаған. Мұндайлар аз емес. Әйтседе Қаржы полициясының қатары аттестаттау арқылы біршама тазарып қалғаны байқалады. Өйткені, қаржы полициясы қызметкері үшін мінсіз бедел мен жоғары адамгершілік негізі өте маңызды. Сондықтан бұл ведомствоның кадрлық құрамы айтарлықтай жаңартылды және қазір қаржы полициясының қатарында еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша өз міндеттерін адал орындауға дайын мамандар қалды деп сеніммен айта алатын болсақ, жоғарыдағы айтылғандай, әлі миығынан мысқылдай күліп жүрген сыбайласқан жемқорлардың батар күні таяп қалды деп те әбден сенім артуға болады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».