• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2013

Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда

310 рет
көрсетілді

Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда

Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:17

Қоғамдық орындардағы бұзақылық пен көше қылмыстарының жолына тосқауыл қою мақ­сатында Алматы қалалық ішкі істер департаменті бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі екі мыңнан астам ерікті полиция көмекшілері мен ішкі әскердің жеті жүзден астам сарбазы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға жұмылдырылған. Оған қоса, көшелерде жаяу тәртіптік шолу жасайтын топтар мен көлік бағыттары да екі есеге жуық көбейтіліп отыр. Тек осының нәтижесінде ғана қаладағы қылмыстық ахуал тұрақтанып, аса ауыр қылмыс саны біршама төмендеді.

Қырықтан астам ұйым­дас­қан қылмыстық топ мү­ше­лері қылмыстық жауап­кер­шілікке тартылды. Қа­рақ­шылық жасаумен айна­лысқан 84 қылмыстық топ­тың іс-әрекетіне тосқауыл қойылып, кісі тонаумен ай­налысқан жүзге жуық топ­тың жолы кесілді. Сондай-ақ, Ресей мен Өзбекстаннан ке­ліп, жасанды жол-көлік оқи­ғаларын ұй­ымдастырған алаяқ топ қолға түсті, дей­ді Алматы қалалық ІІД бас­пасөз қызметі жетек­шісі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.Ал тәжірибе көр­сет­кеніндей, оңтүстік астанада тіркелген қылмыстар­дың көп­­­шілігін еліміздің Шы­ғыс Қазақстан, Жамбыл, Оң­­түс­тік Қазақстан облыс­тарынан келгендер жасауда. Олар көп жағдайда пы­шақ, атыс қаруы сияқты заң­мен тыйым са­лынған қа­ру­ларды қолданып, өзге­лер­дің құн­ды заттарын тартып ала­тындығы көп­ші­лікке бел­­гілі. Осындай ке­лең­сіз­дік­терді елеп, ескерген қа­ла­лық полиция басқар­ма­сы заң­ды талаптарды да бір­шама күшейтті.Бақыт БАЛҒАРИНА,«Егемен Қазақстан».АЛМАТЫ.