• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Маусым, 2019

«Қарапайым заттар экономикасы» – жаңашыл жоба

630 рет
көрсетілді

Күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды өзімізде өндіру, яғни отандық өндірістің өзегі ету – барынша маңызды. Елімізде сапалы әрі арзан шикізаттың мол болуы және энергия қорының, сондай-ақ арзан жұмыс күшінің болуы «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға мүмкіндік береді. Тұрмысқа қажетті ұсақ-түйектерден бастап киім, азық-түлік түрлері өндірілсе, бұл – ел экономикасына үлкен демеу, табысы мен пайдасы ішкі нарықты нығайтуға бағытталатын сала.

Маңғыстау облысында «Қара­пайым заттар экономика­сы» бағдар­ламасын дамыту аясын­да 40-тан астам жоба ұсынылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының индустриялық-инно­вациялық даму басқармасының бөлім басшысы А.Бегиеваның айтуынша, бағдарлама аясында Үкімет өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені сала­сындағы басым жоба­лар­ды 2018-2020 жылдар аралы­ғын­да қолдау бағытында 600 млрд теңге қарастырған болса, соның ішінде өңдеу өнер­кә­сібін дамытуға 400 млрд теңге бөлінген. Бұл несиелеу бағ­дар­ламасына негізінен жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, тамақ және қайта өңдеу өнер­кә­сібі, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру, туризм, білім саласы, көлік және логистика саласындағы қызмет түрлерін қамтитын жобалармен барлық бизнес субъектілері қатыса алады. Жоба аталған салаларды дамыту мәселесіне қатысты, соның ішінде жүйелік деңгейдегі, орталық және жергілікті деңгейдегі бірқатар іс-шара­ларды қамтитын 9 тарау­дан тұрады. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында «Қара­па­йым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі Үкімет тап­сырмасына сәйкес аймақ бас­шы­лығы мен «Атамекен» өңір­лік кәсіпкерлер палатасы не­гізінде құрылған жобалық кеңседе тиісті іс-шаралар жос­пары жасақталып, жұмыс жүр­гізілуде. 

– Бүгінгі таңда екінші дең­гей­дегі банктермен жалпы сомасы 3,0 млрд теңгеге 9 жоба, оның ішінде 2,46 млрд теңге болатын 7 жобаны «Даму» қоры мақұлдап отыр және жалпы сомасы 2,20 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны субсидиялау туралы келісімге қол қойылған. Және 20 млн теңге сомасында несие бойынша 1 жоба, 10 млн теңге немесе несиенің 50%-ына кепілдеме алған. Соның ішінде, өңірдегі өңдеу өнеркәсібіндегі азотты минералды тыңайтқыштар өнді­ре­тін ірі кәсіпорын «ҚазАзот» АҚ-ында осы бағ­дар­лама аясында несие алуға қолдау тап­қан. 

Ал «Қарапайым заттар эконо­микасының» басқа жоба­­лардың артық­шылығына тоқталсақ, біріншіден, кәсіпкер қандай сомада несие алам десе де шектеу жоқ. Екіншіден, несиенің 50 пайызын «Даму» кәсіп­керлікті қолдау қоры суб­си­диялап, 5 млрд теңгеге дейін несие­ге кепіл бола ала­ды. Аталған салаларда биз­нес­терін бастауға ниетті аза­мат­тар толық ақпаратты «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы­нан, «Даму» кәсіпкерлікті қол­дау қорынан және екінші дең­гей­лі банктерден ала алады, – дейді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Маңғыстау облыстық филиалы директоры Г. Қалымбетова.

Жобаның алғашқы қанат­қақ­ты нәтижесі ретінде Ақтауда кәсіби спорт­шыларды дайын­дай­тын спорт-сауықтыру ке­ше­ні ашылмақ. Кәсіп­кердің құны 100 млн теңге тұратын ұсы­нысын «Forte Bank» ма­құл­дап, кешен 2020 жылдың мамыр айында ашылады деп жоспарлануда. Спорт кешені ашылған соң кәсіби спортшылар үшін ірі спорттық сайыстарға, олим­пиадаларға дайындалу үшін алысқа сапар шекпей, өз елі­міз­де дайындалу қолжетімді болмақ. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жаңа кәсіпкерлердің тұсауын кесіп, ірілі-ұсақты өнім­дер­мен ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталғандығымен қуантады.  Маңғыстау облысы