• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2013

Жемқорлық жойылуы тиіс

390 рет
көрсетілді

Жемқорлық жойылуы тиіс

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:18

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуға айрықша тоқталды. Бұл құнды құжатта барлық жерде тәртіп пен реттілік орнату жайы алға тартылды. Соның ішінде ең ұсақ құқық бұзушылықтың өзімен ымырасыз күресу керектігі айтылды. Ал қоғамды жайлаған дерт ретінде көрініс берген сыбайлас жемқорлықпен күрес бұрынғыдан да кең қанат жайғалы отыр.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:18

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуға айрықша тоқталды. Бұл құнды құжатта барлық жерде тәртіп пен реттілік орнату жайы алға тартылды. Соның ішінде ең ұсақ құқық бұзушылықтың өзімен ымырасыз күресу керектігі айтылды. Ал қоғамды жайлаған дерт ретінде көрініс берген сыбайлас жемқорлықпен күрес бұрынғыдан да кең қанат жайғалы отыр. Осыған байланысты біздің тілшіміз Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 

Қызылорда облыстық департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Мақсат ҚОЖАБАЕВПЕН сұхбаттасқан еді.

– Мақсат Аманқұлұлы, Мемлекет басшысы өзінің 2050 жылға дейінгі дамуымыздың стратегиясын белгілеп берген Жолдауында құқық қорғау саласының жұмысына да ерекше назар аударып, нақтылы тапсырмалар берді. Оларды жүзеге асыру бағытында облыс қаржы полиция­сы қандай жобалар мен жоспарларды белгілеп отыр?– Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясы туралы Жолдауында Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесіне Үкіметпен бірлесіп, ведомствоаралық жұмыс тобын құру және 2013 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеу тапсырылды. Осының өзі бұл саладағы міндеттердің аса зор екенін білдіреді. Расында да жемқорлық деген жай бір құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттік қызметтің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Президент осы жайларға ерекше екпін түсіре келіп, біздің түпкі мақсатымыздың жемқорлықты құбылыс ретінде жою екенін атап өтті. Ол жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы күресті қатты күшейтуіміз керек екеніне назар аударды. Әрине, тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлықпен күресудің оңай болмайтыны белгілі. Сондықтан оны құрту мақсатында алдымен сол кеселдің туу, даму себептерін анықтауымыз және оның қозуына жағдай туғызбауымыз керек. Осындай аса қауіпті қоғамдық кеселдің алдын алып, жолын кесу үшін біздің департаменттің жеке құрамы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенінше тосқауыл қойып, еліміздің экономикасының қарыштап дамуы және халқымыздың әл-ауқатының жақсара түсуі жолында аянбай еңбек ете бермек. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.– Ендігі әңгімені былтырғы жылы еліміздің күллі құқық қорғау органдарын қамтып өткен аттестаттау науқанына бұрсақ. Оның қорытындылары департаментке қандай өзгерістер әкелді? Бұл орайдағы жұмыстар сіздің көңіліңізден шыға ма?– Аттестаттауды өткізудің басты мақсаты қата­рымызды кәсіби емес, өз атына кір келтірген қыз­меткерлерден тазарту, қаржы полициясы орган­дарының кадрлық құрамын қызметтік мін­деттерін қоғам талаптарына сай атқара алатын қызметкерлермен толықтыру болып табылады. Қаржы полициясы агенттігінің жанындағы орталық аттестаттау комиссиясының және аумақтық қаржы полициясы департаменттері жанындағы аймақтық комиссияларының жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, кәсіпкерлер ассоциацияларының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды.Біздің департамент қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесі де белгілі бол­ды. Тағайындалуы және жұмыстан босатылуы агенттік номенклатурасына кіретін 11 қызметкері орталық аттестаттау комиссиясында жақсы нәтижеге ие болып, оның 2-і жоғары лауазымдарға тағайындалуға ұсынылды. Аумақтық аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өтуге тиісті 106 қызметкердің 1-і сырқатына байланысты аттестаттауға қатысқан жоқ. 2 қызметкер комиссияның жоғары талаптарын түсініп, аттестаттаудан өтуден бас тартып, жұмыстан шығуға баянат жазды. Қалған 103 қызметкердің 5-і жоғары лауазымға тағайындалуға жіберілсе, 77-і лауазымдарына сәйкес келеді деп танылды, 11-і төмен лауазымдарға тағайындалуға, 5 қызметкер басқа қызметтерге ауысуға және 5 қызметкер қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығаруға ұсынылды. Аумақтық аттестаттаудан өтудің екінші кезеңінде 2 қызметкер өздерінің атқарып отырған лауазымдарына сай екендерін дәлелдеп шықты. Департаменттің жеке құрамы аттестаттау өткізу іс-шарасынан кейін 20 пайызға жаңартылып, қазіргі таңда қаржы полициясының қатарында мемлекет пен азаматтардың құқықтарын қорғау жолында өз міндеттерін адал орындауға дайын мамандар қалды.– Облыс қаржы полицейлері жылды қалай аяқтады? Жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың қандай саласы айрықша орын алды?– Департамент қызметкерлері өткен жылы барлығы 433 қылмысты анықтады. Оның ішінде экономикалық қызмет саласында 341 қылмыс тіркелді. Алдын ала тергеу өндірісімен аяқталған қылмыстар бойынша анықталған мемлекет пен азаматтарға келтірілген залал мөлшері 1,748 млрд. теңгені құрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаржы полициясы органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қолданылған шаралар нәтижесінде 2012 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық санатында 86 қылмыстық іс қозғалды. Департамент сот орындарына заңды шешім қабылдау үшін жолданған сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша өткен жылы барлығы 21 мемлекеттік қызметкер сотты болды. Оның ішінде құқық қорғау органдары бойынша – 5, сот органдары бойынша – 2, денсаулық сақтау саласы бойынша – 3, білім саласы бойынша – 4, жергілікті билік органдары бойынша – 2, ауылшаруашылық саласы бойынша – 1 және ұлттық компаниялар бойынша 1 қызметкер айыпты деп танылып, тиісті жазаларын алды.Сыбайластық қылмыстардың ішінде парақорлық дерегімен 40 іс қозғалды. Бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, осы санаттағы қылмыстар саны 2,5 есеге өскенін көрсетеді. Мысалы, 2012 жылдың 18 мамырында облыстық қаржы полициясы қызметкерлері Арал аудандық білім бөлімі бастығын №4 мектеп-лицейдің директорынан 100 000 теңге пара алуы үстінде ұстады. Бұдан бөлек, «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС директоры Е.Қалмаханов Жалағаш ауданындағы «Бұқарбай батыр» каналын тазалау және гидротехникалық су құрылысын жөндеуден өткізу жұмыстарына қатысты тексеру жүргізген қаржы полициясы қызметкеріне оң шешім қабылдау үшін 7 000 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынуы кезінде қолға түсті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сот санкциясымен қамауға алынды.– Құқық қорғау органдары, соның ішінде қаржы полициясы жұмысының табысты болмағы көп жағдайда оларға азаматтардың сенім көрсетуімен байланысты екені де белгілі. Бұл ретте қызылордалық қаржы полицейлерінің жергілікті тұрғындармен байланысының деңгейі қандай?– Азаматтардың қаржы полициясына деген сенімдерінің артуы біздің қызметіміздің жақсы нәтижелері деп білемін. Департаменттің кезекші бөлімінде «144» санды «Сенім телефоны» облыс аумағындағы барлық елді мекендердегі тұрғындардан түскен сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар туралы хабарламаларды дер кезінде тікелей қабылдау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарады. Өткен жылы «Сенім телефонына» түскен 18 хабарлама бойынша 3 дерек толық дәлелін тауып, қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кез келген қоғам мен мемлекет үшін ерекше мәселе болып табылады. Жемқорлықпен күрес қоғам үшін әруақытта да үздіксіз міндет, сондықтан бұл қоғамдық кеселмен күресуде әрбір азамат өзінің жемқорлыққа деген көзқарасын, сана-сезімін өзгертіп, құқықтық мәдениетін жоғарылату қажет деп санаймын. Бұл бағытта тұрғындардың жемқорлыққа қарсы құқықтық ой-өрісі мен мәдениетін дамыту және қалыптастыру басты назарда тұр.Қазіргі таңда қылмыстық қудалау шараларымен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары да кеңінен жүргізіліп келеді. Бұл жұмысты біз өз күшімізбен, сонымен бірге, құқық қорғау және жергілікті билік органдарымен, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясымен, үкіметтік емес ұйымдармен және тікелей тұрғындармен тығыз байланыста іске асырып келеміз. Өткен жылы облысымыздағы барлық аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың аудан көлемінде болып жатқан заңбұзушылықтар туралы арыз-шағымдарын және шешілмей жүрген мәселелер туралы ойларын тыңдап, өз тарапымыздан заң аясында шешім қабылдау шарасын жүргіздік. Айта кететін бір жаңалық, былтырғы 23 тамызда Үкіметтің қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Біздің жұмысымыздың жемісті болмағына осының өзінің септігі тиетініне сенімдімін.Әңгімелескен  Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».ҚЫЗЫЛОРДА.