Түркістан облысының Арыс қаласындағы жаралысқа орай еліміздің бірқатар өңірінде «шұғыл желілер» ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан облысының Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде орын алған өртке байланысты Шығыс Қазақстан облысында 8(7232)55-38-19 нөмірі бойынша «шұғыл желі» құрылды», делінген Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Дәл осындай желі Алматы қаласында да ашылды. Алматы қаласы бойынша жедел желі телефоны -8 (727) 278-20-83, 278-20-84.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша осындай желі ашылғандығы туралы бұған дейін ашылған.