• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Маусым, 2019

Тимур Дәндібаев: Арыстағы жарылысты егжей-тегжейлі тексереміз

307 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағындағы жарылысқа байланысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің өкілі осындай жағдайда бірқатар қажетті шаралар іске асырылатынын, оның ішінде эвакуациялау жұмыстары атқарылатынын атап өтті.  

«Орын алған жарылыстың ауқымы мен нақты себебі әзірге белсіз. Қазіргі кезде жарылыстың зардаптарын жою шаралары жүргізілуде. Сондықтан тексеру жұмыстары үшін тиісті уақыт қажет», деді ол Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.  

Бұдан бөлек Т. Дәндібаев бүгін орын алған жарылысты 2009 жылғы оқиғамен салыстыруға болмайтынын айтты. 

«Қару-жарақпен, әскери техникамен байланысты шаралар үнемі белгілі бір тәуекелді туындатады. Әрине, бұл оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі тексереміз», деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар тілшілер Т. Дәндібаевтан ескірген қару-жарақтың жағдайы туралы сұрады. 

«Бізде кеңестік кезеңнен қалған қару-жарақ бар. Осы орайда сақтау мерзімінен асқан қару-жарақ пен оқ-дәріні утилизациялау бойынша шараларды іске асырудамыз», деді ол.