• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2013

Бір құмалақ бір қарын майды бүлдірді

562 рет
көрсетілді

Бір құмалақ бір қарын майды бүлдірді

Бейсенбі, 21 ақпан 2013 7:24

Полицейлердің міндеті – қыл­мыстың алдын алу, болған қылмыстың бетін ашу, қоғамда тыныштықты күзету. Егер полицей қылмысты бүр­кемелеуге тырысса, сол ар­қылы жеңіл жолмен ақша табуды ойласа, қойды қасқырға бақтырғанмен бірдей.Өткен жылы тамыз айында Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде  темір­жол­шылар күнін тойлаған 16 мен 19 жас аралығындағы бес жігіт  әйел зорлайды.  Әйел полицияға шағымданады. Алай­да, кенттің полиция бөлі­­мінің бастығы  А.Кенжетаев пен  тергеуші С.Ермекова «бү­лінгеннен бүлдіргі алып», зардап шеккен әйелді зорлау­шылармен татуласуға мәжбүрлейді.

Бейсенбі, 21 ақпан 2013 7:24

Полицейлердің міндеті – қыл­мыстың алдын алу, болған қылмыстың бетін ашу, қоғамда тыныштықты күзету. Егер полицей қылмысты бүр­кемелеуге тырысса, сол ар­қылы жеңіл жолмен ақша табуды ойласа, қойды қасқырға бақтырғанмен бірдей.Өткен жылы тамыз айында Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде  темір­жол­шылар күнін тойлаған 16 мен 19 жас аралығындағы бес жігіт  әйел зорлайды.  Әйел полицияға шағымданады. Алай­да, кенттің полиция бөлі­­мінің бастығы  А.Кенжетаев пен  тергеуші С.Ермекова «бү­лінгеннен бүлдіргі алып», зардап шеккен әйелді зорлау­шылармен татуласуға мәжбүрлейді. Күдік­тілерден зардап шегушіге 300 мың тең­ге  моральдық шығын  талап етеді. Ақша алу үшін  зардап шегуші мен күдіктілер арасын­да  татуласты деген үстірт нә­тижеге қол жеткізгендей бо­лады.  Күдіктілер  зардап шегушіге берген ақшаның  150 мың теңгесін полицейлер өздері алып қалады. Тергеушінің қысымымен әйел қояр кінәсін, көрсетулерін өзгертеді.  Кінәлі әрі күнәлі болған жігіттермен  сыбайласқан полицейлер әйелге ақшаның  қалғанын облыстық ішкі істер департаменті жеке бастың қауіпсіздігі басқармасы қызметкерлері алдындағы жауа­бынан кейін беруге уәде еткен.

Елдің тыныштығын күзетеді,  адамның ар-намысын қорғайды деген полицейлердің өзі осылай былыққа батты. «Алтын көрсе періште жолдан таяды», деген, өз қызметіне адалдық таныта алмаған полицейлерге кенттің тәртібін, адам тағдырын қалай сеніп тапсыруға болады? Әйел зорлаған жап-жас жігіттер  құтылып кетті. Өйт­кені, тергеуші құжаттардың барлығын «дұрыстап»,  айғақ қалдырмаған.  Кінәлілер осылай құтылды, бірақ оларды тезге салар темір торға көзінің алдын шел басқан полицейлердің өзі отырды. Жақында Құсмұрын кентіндегі полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Асылхан Кенжетаев пен тергеуші, майор Сәуле Ермековаға қатысты  Әулиекөл аудандық  сотының үкімі облыстық ішкі істер департаментінің  үлкен залында оқылды. Зал  полицейлерге лық толды. Сот үкімі оқылып,  подполковник А.Кенжетаев 6 жылға, С.Ермекова 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленумен қатар, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болды.Міне, бір қарын майды бір құмалақ бүлдіріп кетті деген осы.Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».ҚОСТАНАЙ.