• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2013

Қауіпті кеселден құтылу қадамы

316 рет
көрсетілді

Қауіпті кеселден құтылу қадамы

Жұма, 22 ақпан 2013 7:23

Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының отырысында есірткі ахуалы туралы жылдық есепті Денсаулық сақтау министрлігінің Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы О.Юсупов баян етті. Шын мәнінде мұны Еуроодақтың CADAP жобасының сарапшылары бірге әзірлеген болатын.

 

Жұма, 22 ақпан 2013 7:23

Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының отырысында есірткі ахуалы туралы жылдық есепті Денсаулық сақтау министрлігінің Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы О.Юсупов баян етті. Шын мәнінде мұны Еуроодақтың CADAP жобасының сарапшылары бірге әзірлеген болатын.

Аталған отырысты ашқан Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың төр­ағалығымен елімізде наша­қор­лыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жыл­дарға арналған салалық бағдар­ла­масының іс-шаралар жоспарын іске асырудың бірқатар өзек­ті мәселелері қаралды. Ал Еуроодақтың CADAP жобасының сарапшылары ұсынған есепте 2011 жылғы есірткі ахуалы­на жасалған талдау және есірт­кі ахуалының даму үрдісі, атал­ған кезеңдегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының есірткіге қарсы қа­былдаған іс-қимылдарының не­гізгі нәтижелері, жетістіктер, сондай-ақ орын алған кемшіліктер көрсетілді. Осылайша, есепте бе­рілген мәліметтер мемлекеттік ор­гандардың есірткіге қарсы сала­да­ғы қызмет бағыттарын түзету мақ­сатында бұдан әрі нақты жұмыс барысында пайдаланылатын болды.Аталған отырыста Ауғанстан есірткі трафигі бойынша­ статис­ти­калық деректерді қалыптастыру әдістемесінің мәселелері туралы, сондай-ақ БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) са­рап­шыларымен жұмыс кез­десуі­нің нәтижелері туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Әмрин баяндады. Бұл орайда, ОАӨАҮО-нің бас­шы­лығы және Әзербайжан, Қыр­ғызстан, Қазақстан, Ресей, Түр­кіменстан және Тәжікстан елде­рі­нің өкілдері қатысқан аталған жұмыс кездесуінің шеңберінде «солтүстік маршрут» бойынша өтетін (Орталық Азия елдері, Қазақстан арқылы Ресейге және Еуропаға) ауған есірткі трафигінің көлемін бағалау бойынша негізгі методологиялық ұстанымдар талқыланды.Осыған байланысты­ Ауған­стан­дағы есірткі өндірістеріне деген әлемдік экономикалық үр­дістердің ықпалын, есірткі тұтыну құрылымының өзгерістерін ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің бастамасы бойынша БҰҰ Есірткі және қылмыс жө­ніндегі басқармасына «солтүстік маршрут» бойынша өтетін ауған есірткі трафигіне мақсатты зерттеу жүргізу ұсынылды. «Бұл ретте есірткі тұтынушылардың және­ есірткі тұтынудың нақ­ты саны бойынша отандық сарап­шы­лар­дың бағалаулары, сондай-ақ халықаралық есірткі трафигіне қар­сы іс-қимыл бойынша Орталық Азия елдері мен Ресейдің қосып отырған ұлттық үлестері ескерілуі қажет», – деп атап өтті баяндамашы. Сонымен қатар, опиаттарды тұ­тыну саласындағы мәліметтерді, есірткіге тәуелділердің нақты­ санын және Қазақстан Республика­сы­ның халықаралық есірткі тра­фигіне қарсы күрес жөніндегі жұ­мысын жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау мен Ішкі істер министрліктеріне еліміздегі ба­қы­лауға алынбаған есірткіге тәуел­ділердің санын, сондай-ақ бір­ есірткіге тәуелдінің бір жылда тұтынатын героинінің және апиы­нының мөлшерін анықтау кезінде түзету коэффициентіне қатысты сұрау салу жолданғанын айтты.Қазіргі таңда Әділет ми­нистр­лігі сот-сараптама бөлі­ніс­тері сараптамаларының 99 пайызы тек қылмыстық істі қоз­ғау немесе сыныптау туралы мә­селені шешу үшін қажетті белгі­лер­ді анықтаумен шектеледі. Демек, бұл жағдайда сараптама барысын­да алынған деректер заңсыз есірт­кілердің құрамын үнемі ба­қы­лауға мүмкіндік бермейді. Өйт­ке­ні, бірқатар мәселелер зерттеу­ден тыс қалады және есірткінің түсу және сату арналары туралы болжамдарды тексеруде, сондай-ақ, республика аумағындағы есірт­кінің заңсыз рыногының құ­­рылымын анықтауда есірткі биз­несіне қарсы күрес жөніндегі жедел-іздестіру бөліністерінің тиім­ділігін шектейді. Сондықтан, сот сараптамалары орталығының базасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекур­сорлардың деректер банкін құру туралы мәселе бойынша бастама көтерілді. Ал бұл міндетті шешу үшін Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының базасында заңсыз есірткілердің ма­мандандырылған деректер банкін құру қажет, деп атап көрсетті өз сөзінде Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталық институты директорының орынбасары Д.Аймақов. Бұл мақсаттарға рес­публикалық бюджеттен Әді­лет министрлігіне 2014 жылға қара­жат бөлу жоспарланыпты.Одан әрі отырыста «Наша­қор­лыққа әлеуметтік мәндегі ауру мәртебесін берудің мақсатқа сай болуы туралы» мәселе қызу­ талқыланды. «Есірткі, психо­троп­тық заттар, прекурсорлар және­ олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қар­сы іс-қимыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңына сәйкес нашақорлық адамның дене және психикалық қызметіне ауыр зақымдануға соқтыратын есірткі құралдарына, психотроптық зат­тар­ға не болмаса олардың аналогтарына тәуелділікпен белгіленетін ауру болып табылады.Ақысыз медициналық көмек­тің кепілдік көлемі тізбесінде есірткіге тәуелділерге тегін ме­дициналық көмек көрсету көз­дел­ген. ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орын­басары Б. Бейсеев осы мәселе бойынша жасаған баяндамасында жоғарыда көрсетілген тегін медициналық көмек есірткіге тәуелдіге қажетті «Арнайы әлеу­меттік қызметтер туралы» Заң­да көзделген әлеуметтік-пси­хо­логиялық, әлеуметтік-педа­го­гикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-эко­номикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамта­ма­сыз етпейтінін атап көрсетті.Сөйтіп, отырыс нәтижесінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің салалық бағдарламасының іс-шаралар жос­парын іске асыру мақсатында бұ­дан әрі бірлесе шешімдер қабылдау үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша қаралған өзекті мәселелер бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».