• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Маусым, 2019

Ерлан Тұрғымбаев: Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр

527 рет
көрсетілді

Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында айтты.
«Аталмыш факті бойынша «қоршаған ортаға қауіпті саналатын қаруларды, заттарды ұстау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жұмыс жалғасуда. Осы уақытқа дейін қоймаларда жарылыс фактілері әлі де болып жатқандықтан, қоймадағы өртті сөндіру жұмысы тоқтап тұр», деді Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында.