• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2019

Мәдениет және спорт министрлігі Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады

374 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады. Осыған, орай Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев қала тұрғындарын аталған қайырымдылық шарасынан қалыс қалмауға шақырды.

«Мен қоғамды бірігіп, зардап шеккендерді алғашқы көмек керек-жарақтарымен, материалдық көмек, тіпті жылы сөзбен қолдауға шақырамын. Қазір Түркістан облысы қиын кездерді басынан өткеруде. Біз республика болып қала тұрғындарына көмек көрсетуіміз керек. Мен Арыс қаласына барып, тұрғындарға қолдау білдіремін деп шештім », - деді Серік Сапиев. 

Аталған штаб 26 маусым мен 6 шілде аралығында Ұлттық академиялық кітапханасы (Достық к, 11) жанынан құрылады. Штабқа Комитеттің барлық ведомстволық мекемелері жұмылдырылған. Сонымен қатар, Комитет төрағасы Серік Сапиев жуық арада Арыс қаласына барып, зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіруді жоспарлап отыр.   

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласының тұрғындарына көмек қорына аударамыз деп шешкен болатын.