Жұма, 5 сәуір 2013 2:01
Маңғыстау облысының құқық қорғаушылары Түпқарағаннан Ақтауға түнделете бет алған «Daewoo Nexia» көлігін тоқтатқанда, жеңіл көліктің жүк салғышына сіресе тиелген бекіренің (қызыл балық) үстінен түсті. Балық барымталаушылар оларды отбасы қажеттігіне орай теңіз жағалауындағы браконьерлерден сатып алғандығын айтып ақталған. Сатып алсын, аулап алсын – тыйым салынған балықты жымқырғаны үшін заңсыздықтың орын алғандығы анық. 50-ден астам бекірелердің салмағы 150 кг-нан асып түскен. Заңсыз балық аулаудың бұл әрекеті мемлекетке 1 миллион 200 мың теңге залал әкелген.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.Сурет aktau-business.com сайтынан алынды.