• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2013

Астанаға сабылып, әуре болмай…

282 рет
көрсетілді

Астанаға сабылып, әуре болмай…

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:17

Сот істері жергілікті деңгейде әділ, тиянақты, сауатты қаралуы тиіс

Адамзат қоғамының даму барысын дөп басып, көре білген көне грек ойшылдарының бірі Публилий Сир: «Заңы дамыған елдің өзі де дамиды» деген екен.Елімізде тәуелсіздіктен бері қарайғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде түбегейлі өзгерістер жасалып, басқаша қалыптасып, жаңаша дамуға бағыт алған саланың бірі – сот саласы.

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:17

Сот істері жергілікті деңгейде әділ, тиянақты, сауатты қаралуы тиіс

Адамзат қоғамының даму барысын дөп басып, көре білген көне грек ойшылдарының бірі Публилий Сир: «Заңы дамыған елдің өзі де дамиды» деген екен.Елімізде тәуелсіздіктен бері қарайғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде түбегейлі өзгерістер жасалып, басқаша қалыптасып, жаңаша дамуға бағыт алған саланың бірі – сот саласы. Мұны жұртшылық көріп те, көз жеткізіп те жүр.

Ең алдымен, Ата Заңымыздың бір бө­лімі (VII-бөлім) тұтастай «Соттар және сот төрелігі» мәселесіне арналып, оның ал­ғашқы бабында (75-ші бап) соттың би­ліктің маңызды бір тармағы екендігі тиянақталып көрсетілді. Егеменді ел Қазақстан Республикасының Азаматтық, Аза­маттық істерді жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық істерді жүргізу, Әкімшілік ко­декстері қабылданып, қолданысқа енгізілді.2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» деп аталатын бұрын-соңды болмаған арнайы Конституциялық Заң қабылданып, онда сот саласының жұмысы мен міндеттері, судьялардың жауапкершілігі мен құқық-құзыреттері анықталып, белгіленді.Бүгінгі таңда соттарда істердің қа­ралу сапасы мен деңгейін жетілдіру, те­реңдету мақсатында жер-жерде, әр об­лыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы сияқты қалаларда эконо­ми­калық, қылмыстық, әкімшілік және жас­өспірімдер істерін қарайтын арнайы мамандандырылған ауданаралық соттардың ашылып, жұмыс істеуі қалыпты көрініске айналды. Судья сот жүйесіндегі басты тұлға саналатындықтан оған үміткерлерді іріктеу қатаң жүргізіліп, Жоғарғы Сот кеңесінің ұсынысымен Президенттің Жарлығымен тағайындалатын болды. Кәсіпқой маман-кадрлар даярлау ісіне жете мән бері­ліп, заңгерлік жоғары білімі бар судья бол­ғы­сы келетін жастарды ҚР Президентінің жа­нын­дағы мемлекеттік қызмет академиясы Сот төрелігі институтының магистратурасында арнайы оқытып шығару үрдіске айналды.Жалпы, республикамызда сот жүйесінің жұмысын одан әрі жақсарту мен жетілдіру бағытында бұдан басқа да бірқатар игілікті істер мен ықпалды шаралар жүзеге асырылды және асырылуда.Осы сияқты, ағымдағы XXI ғасыр­дың орта тұсына дейінгі еліміздің даму бағ­дарын айқындап белгілеп берген, Ел­басымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл­ғы 14 желтоқсандағы Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында жария етіл­ген «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген бағдарламада былай деп көрсетілді: «Құқықтық саясаттың маңызды мә­се­лесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады.Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру­ процесін оңайлату, оны басы артық бюро­кратиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес.Сонымен, бір мезгілде соттардың жұ­мысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет.Сот билігінің беделі орындалмаған сот ше­шімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс».Аса маңызды құжаттағы бұл жолдар біздің сот жүйесіне өзінің қызметін заман талабына сай жетілдіре түсу міндетін жүктейді. Осының бәрі сайып келгенде демократиялық құндылықтарға ден қойып, өркениетті дамуға бет алған мемлекетке тән құбылыс пен қадам-қаракеттер.Cол себепті де Президентіміз аталған Жолдауында: «Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқық­тары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді» деп атап көрсетті.Биыл құрылғанына қырық жыл толып отырған біздің Маңғыстау облыстық соты да осынау өзгерістер мен реформалардың, стратегиялық бағдарламалардың аясында жұмыс істеп келеді.Құрылым-құрамында 5 аудандық сот,­ 3 қалалық сот, 1 әскери сот, 2 әкім­шілік сот, бір-бірден ауданаралық ма­мандандырылған қылмыстық істер, эко­но­микалық істер, жасөспірімдер істерін қа­райтын соттар жұмыс істейтін Маңғыстау об­лыстық соты республика сотының елеулі бір тармағы саналады. Облыс көлемінде 79 судья қызмет етеді.Әйтсе де, облыстық соттың тарихын об­лыстың өзінің саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени даму тарихынан бөлек алып қарауға болмайды. Ал, әуел баста Маңғыстаудың өз алдына облыс болып құрылуына 1961 жылы 5 маусымда Жетібай дөңінде мұнай атқылап, бұл аймақта «қа­ра алтын» мен «көгілдір отынның» мол қоры бар екені белгілі болып, өңірдің өн­дірістік-өнеркәсіптік әлеуетінің зор екені ықпал еткенін қазіргі күні екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Осы ойымыздың ай­ға­ғындай жетпісінші жылдардың өзінде Қа­зақ­станда жылына 15 миллион тонна мұнай өндірілген болса, соның 12 миллионы Маңғыстау түбегінің үлесіне тиді.Құжаттық деректерге зер салатын бол­сақ, 1973 жылғы 20 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Маң­ғыш­лақ облысын құру туралы, іле-шала 23 нау­рызда Маңғышлақ облыстық сотын құру туралы Жарлығы шыққанын көреміз. Осының өзі жаңадан құрылып жатқан об­лыста өзге мекеме-ұйымдарға қоса, бірін­ші кезекте облыстық сотты құрудың қанша­лық­ты маңызды да қажетті болғанын аңғартады.Маңғыстау облыстық сотына Қуаныш­бай Мәмбетовтен кейін әр жылдары Нұрғожа Чиняев, Мұхтар Смағұлов, Сәкен  Абдуллаев сияқты тәжірибелі судьялар басшылық етіп, облыстағы сот жүйесінің дамып, жетілуіне лайықты үлестерін қосып, өзіндік қолтаңбаларын қалдырды. Н.Т.Суханова, Н.Ш.Жолдасбаева, Т.С.Берікқалиева, Ғ.А.Мақажанова, И.Қ.Елекеев, М.Н.Нұрбеков сияқты белгілі заңгерлерді маңғыстаулық әріптестері әрдайым мақтаныш тұтады.Әрине, облыстың өндірісінің қарқын алып, экономикалық жағынан дамуы көңіл қуантады. Бірақ та, мұнда негізінен мұнай кәсіпшілігімен ғана айналысатындық жұмыссыздықтың бар екені, жері құм-шағалды, қуаң, климаты құрғақ болғандықтан жеміс-жидек пен бау-бақшаның өсе бермейтіні, азық-түлік пен көкөністің сырттан тасымалданатыны, сондықтан оның бағаларының басқа өңірлерден қымбаттау болатыны, осындай факторлардың жинақтала келгенде халықтың тұрмыс жағдайына әсер ететіні жасырын емес.Облыстың тарихында екі рет 1989 жылғы маусым мен 2011 жылғы желтоқсанда «Жаңаөзен оқиғасының» орын алуы осындай әлеуметтік теңсіздік пен тұрмыстық келеңсіздіктерден туындағаны айдан анық. Соңғы оқиғаға байланысты Жаңаөзен мен Шетпеде болған заң бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерге қатысты істерді біздің Ақтау қалалық соты қарады. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік жүктеген сын болды. «Оқиғаға қандай баға беріліп, қандай үкім шығарылар екен?» дегендей, сот процесінің барысына бүкіл әлем назар аударып, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысып, әртүрлі халықаралық ұйымдар көз тігіп, бақылап отырды.Осы орайда мына бір жайтты атап өтудің қисыны мен реті келіп тұр. 2012 жылдың қазанында Елбасымыз Австрия мемлекетіне барған сапарында БАҚ өкілдері Жаңаөзен оқиғасына байланысты сұрақ қойғанда: «Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы кәдімгі қарапайым дау болды, олар бүкіл әлемде болып жатады. Оны шешуге болатын еді, алайда қылмыстық элементтер өздерінің жеке мақсаттарын көздеп, оны қантөгіске апарып соққан қақтығысқа айналдырды», – деп жауап берді. Және одан әрі: «Мүлдем ашық, қоғамдық, транспаренттік тергеу жүргізілді, бұл бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарына, қатысқысы келетіндердің барлығына ашық, әділ сот болды. Сотталғандардың бәрі де жай басқа нәрсе үшін емес, нақты қылмыстары үшін жазасын алды. Өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланып, адамдарға қарсы оқ атқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де сотталды. Осындай оқиғаға арандатқандар да сотталды», – деп атап көрсетті. Бұл біздің жұмысымызға берілген шынайы әрі оң баға болатын.Мұның бәрін мен әдейі Жаңаөзен оқи­ғасының сотта қаралуы жайында жұрт­шылықта ақиқатты ақпарат, дұрыс түсінік болсын деген мақсатта айтып отырмын.Аталарымыз: «Бір күн жанжал болған үйдің қырық күндік берекесі кетеді», деп текке айтпаған. Келешекте қай-қайсысымыз үшін де Жаңаөзен оқиғасы ой салып, тәлім аларлықтай сабақ болуға тиіс.Бүгінде біздің облыстағы барлық сот­ орындары аудандық соттан облыс­тық сотқа дейін уақыт талабына сай салын­ған, әділдіктің нысанындай алыстан мен­мұн­далап тұратын әсем де келбетті ғи­март­тарға орналасқан. Судьялар мен маман­дардың талапқа сай нәтижелі жұ­мыс істеулері үшін барлық жағдай жа­са­лынған, соңғы үлгідегі компьютерлермен басқа да техникалық құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Сот қызметкерлері түгелдей дерлік «Қазақстан Рес­публикасының Сот органдарының Бір­ың­ғай автоматтандырылған ақпараттық – талдау жүйесі» бағдарламасымен және ішкі электрондық пошта байланысымен жұмыс істейді. Бізде істер мен құжаттық қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі жөнінен ешқандай да бір қиындық пен кедергі жоқ деп айта аламыз.Өткен жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық соты республика деңгейінде алдыңғы орындардың бірінен көрінді. 2011 жылмен салыстырғанда, жұртшылықтың әкімшілік істер жөнінен сотқа жүгінуі көбейіп, азаматтық және қылмыстық істердің кему үрдісі байқалған. Мәселен, қылмыстық істер саны 300-ге азайған. Әйтсе де, сот жүйесінің жұмысында кемшіліктер де жоқ емес. Ара-тұра үкім шығаруда кейбір олқылықтар орын алып, жоғары сатыда түзетіліп, өзгертіліп жатады. Оның көпшілігі істі қараған судьяның тәжірибесіздігінен не заңдардың нақты білмеуінен болады. Судьяның қателігі мен білместігі сот төрелігіне, кейде адамның тағдырына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан да, бізде бес жылдың көлемінде 10 судья жұмыстан кетіп, соның ішінде төртеуі өз қызметіне лайық болмағандықтан босатылды.Облыстық деңгейде сот жүйесінің қыз­метін жақсарту, жетілдіру бағытында әлі де атқарылар жұмыстар көп. 2012 жыл­дың наурызында Жоғарғы Соттың төр­ағасы Бектас Бекназаров: «Ендігі жерде аудандық, қалалық соттардың жұмысы олар шығарған үкімнің жойылуына не өзгертілу санына қарай бағаланатын болады. Облыстық соттар үшін керісінше. Бұл сатыда неғұрлым шешімдер мен үкімдер көбірек өзгертіліп, түзетілетін болса, оның соғұрлым нәтижелі жұмыс істегені. Бұрынғыдай аудан­дық және облыстық соттардың бір­ бағытта жұмыс істегені болмайды. Қан­ша­лықты облыс деңгейде қателіктерді жөн­деп, үкімдерді өзгертіп, тиянақтайтын бол­сақ, жұмысымыздың соншалықты табысты болғаны», деп айтқан болатын. Айтқандай-ақ, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына 2012 жылдың 1 шілдесінен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларының істерді қараудың жаңа тәртібі белгіленді. Сол бойынша апелляциялық сатыдағы соттар аудандық (қалалық) соттарға іс­тер­ді қайтадан қарауға жібермей, өздері сот актілерін тексеріп, басқаша шешім шы­ға­ра алатын болды. Расында да жұрт Жоғарғы Сотқа шағымданып, Астанаға са­­бы­лып, әуре-сарсаңға түспей істердің негі­зінен облыстық соттың аппеляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қаралып, өзінің тиянақты шешімін тапқаны тиімді де ұтымды болмақ.Жолдауда атап көрсетілгеніндей, соңғы кездері медиация туралы арнайы заң қабылданып, оны кеңінен өрістету мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қарама-қайшылық пен дау-жанжалды ушықтыра бермей арағайындықпен бітімге келіп, пәтуаласу біздің халықта ежелден ата салтымызда бар дәстүр. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» дейді. Сондықтан, мұны жүйелі түрде қолға алып, оңтайлы тетік-тәсілдерін тауып, табысты жүргізе аламыз деген ойдамын. Бұл бір жағынан сот жүйесін жұрт тек үкім шығарып жазалайтын орган деп қарамайтындай оның жұмысын ізгілендіре түсуге ықпал етеді.Дегенмен, сот жүйесіне уақыт пен заманның адамдардың құқығы мен бостандығын қорғап, сот төрелігін іске асыруда жаңа талаптар мен міндеттер қоя беретіні хақ. Басты мақсатымыз сондай талаптардың деңгейінен көрініп, сот билігінің салтанат құруына қызмет ете беру болып табылады.Досжан ӘМІРОВ,Маңғыстау облыстық сотының төрағасы.