Әлеуметтік сезімтал азаматтар үшін тұрғын үй беру тетіктерін жетілдіру, осы процестің ашықтығын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың соңына дейін кезектегілердің Бірыңғай электронды базасы құрылады.
«Бұл деректер базасы бүкіл ел үшін бірыңғай болады. Біздің азаматтарымыздың еліміздің түрлі қалаларында кезекте тұрғаны жасырын емес, бұл жаңылыстырады, «егіздері» пайда болады. Әркелкілік бар, содан да деректердің сәйкессіздігі туындайды. Адам тұрғылықты жерін ауыстырады, оның әлеуметтік статусы өзгереді. Мәселен, оның енді бұл кезекте тұруға құқығы жоқ делік, бірақ ол сонда қала береді. Бірыңғай деректер базасын құру осындай жағдайларды болдырмайды», — деді министр.
Бұл азаматтарға өзінің кезегін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.
Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың І тоқсанында кезекте тұрғандардың барлық саны 496 мың адамнан асты. 2017 жылы желтоқсанда инвентаризация жүргізу мақсатында «Кезектегілердің бірыңғай республикалық базасы» сервистік бағдарламалық өнім жасалды, ол 2018 жылы кезектен 30 мыңға жуық адамды алып тастауға мүмкіндік берді.
ҚР ИИДМ ақпаратына сәйкес, аз қамтылған азаматтар мен жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаржыландыру қарастырылған. Республикалық бюджеттен жылына 50 млрд теңге немесе 7 жыл бойы 350 млрд теңге бөлу көзделген. Жыл сайын тұрғын үймен 6 мың көп балалы отбасы қамтылатын болады. Биыл мамыр айынан бері 1480 көп балалы отбасыға тұрғын үй берілді.