Сәрсенбі, 1 мамыр 2013 1:23
Бас Прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау мәселелері қаралды. Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ішкі істер және Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Сәрсенбі, 1 мамыр 2013 1:23
Бас Прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау мәселелері қаралды. Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ішкі істер және Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Мемлекет осы адам саудасы қылмысына тосқауыл қою бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда: өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы бірқатар халықаралық келісім-шарттар жасалды, адам саудасына тосқауыл қоюды регламенттейтін негізгі халықаралық актілер ратификацияланды. Ал ұлттық заңнама осы қылмыспен күрестің тиімді шараларын қолдануға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Бас Прокурор атап өткендей, адам саудасы қоғамның өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда адам саудасының 600-ге жуық құрбаны анықталған. Құқық қорғау органдары адам саудасымен байланысты 1,5 мыңға жуық қылмысты анықтады, 800-ден астам адам сотталды. Жыл сайын осы санаттағы 300-ге жуық қылмыс тіркеледі. Сондықтан атқарылып отырған жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз, адам саудасы фактілерін анықтау, ескерту және жолын кесу, қылмыс құрбандарымен жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы саладағы қалыптасқан жағдайды талдады, мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын арттыру, адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, қылмыс құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін жасау, тұтастай алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар айтты.
А.Дауылбаев адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасын күшейту аясында еңбек және өзге салаларда қанауға түсу қауіптілігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстың белсенділігін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, ол барлық ұялы байланыс операторлары үшін күні-түні тегін жұмыс істейтін «11616» сенім телефонының жұмысын жолға қоюды тапсырды.
Кеңеске қатысушылар құқық қорғау органдарының адам саудасына тосқауыл қою саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдың белсенділігін арттыру маңыздылығын атап көрсетті.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».