• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2013

Барар жері, басар тауы қалмады

367 рет
көрсетілді

Барар жері, басар тауы қалмады

Сәрсенбі, 12 маусым 2013 2:37

Кезінде елде жүргенде биліктің майлы тетігін ұстап, ойына келгенін істеп, рахаттана ішіп-жеген БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің соңғы сағаттары соғатын күні жақындап қалды. Өйткені, оның қылмыстары бір емес, бірнеше елде әшкереленіп, соған орай оған бірнеше мемлекет қылмыстық іс ашып отыр. Мәселен, қазір бұрын барынша құпия да жұмбақ болып келген оффшорлық аймақтардағы ақша айналымы жөніндегі деректер судың бетіне қалқып шығып жатыр. Ол енді тылсымның сыры болудан қалды.

Сәрсенбі, 12 маусым 2013 2:37

Кезінде елде жүргенде биліктің майлы тетігін ұстап, ойына келгенін істеп, рахаттана ішіп-жеген БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің соңғы сағаттары соғатын күні жақындап қалды. Өйткені, оның қылмыстары бір емес, бірнеше елде әшкереленіп, соған орай оған бірнеше мемлекет қылмыстық іс ашып отыр. Мәселен, қазір бұрын барынша құпия да жұмбақ болып келген оффшорлық аймақтардағы ақша айналымы жөніндегі деректер судың бетіне қалқып шығып жатыр. Ол енді тылсымның сыры болудан қалды. Себебі, әуелде лаңкестік мақсаттарға жаратылып келген мұндай шоттарды жасыру мүмкін болмай тұр. Сөйтіп, қашқандар мен пысқандар үшін талай жыл «қаржы жұмағы» болып келген оффшорлар өз бетперделерінен сыпырылуда. Сол тізімдегі ең соңғы бекініс – Кипрдегі банктер еді. Мұнда, әсіресе, осы банктердің өзі банкроттық халге жеткеннен кейін шегінер жері таусылды. Соның толқынында Мұхтар Әбіләзовтің жымдап жасырған ақшалары да ақ айдынның жүзіне андағайлап шыға келді.

Осылайша Әбіләзов секілді алаяқтардың қаржы қазанындағы соңғы қорғаныс қамалдарының тас-талқаны шықты. Бұл тұрғыда Швейцария тіпті ілгері кетті. Онда таяуда «Салық мәселелеріндегі халықаралық көмек туралы» деп аталатын жаңа заң күшіне енді. Міне, осыған орай жоғарыда айтқанымыздай, енді Мұхтар Әбіләзовтің тақырға отыратын күні алыс емес.Қазір Қазақстанның құ­­­қық қорғау органдары Мұх­­тар Әбі­лә­зовтің БТА банк қар­жы­ларын ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасау, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жасырып, оны сыртқа асырып жіберу және банк қаражатын заңсыз пайдалану фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. 2009 жылғы 6 наурызда Әбіләзовке халықаралық іздеу жарияланды. Бұдан бөлек, оған Ресей Федерациясы мен Украи­наның құқық қорғау органдары да өз елдеріне қатысты бірқатар ауыр қылмыстар жа­сағаны үшін оны іздестіре бастады.2012 жылғы ақпанда Ұлы­британияда Лондон Жоғары Сотының шешімімен сотты сыйламағаны үшін Әбіләзовке 22 ай мерзімге түрмеге отыру жазасы кесілген. Алайда, ол Англияның сот төрелігін орындаудан қашып кетті. Үстіміздегі жылғы мамырдың 28-нен 29-на қараған түнде Италия полициясының Рим қаласы маңындағы болжамды тұрып жатқан жерінде Әбіләзовті анықтау мен ұстау бойынша шаралар кезінде оның зайыбы Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуа Әбіләзова табылды. Италиялық құқық қорғау органдары Әбіләзовті анықтау мен ұстау бойынша шараларды әлі де жалғастыруда. Ал Еуропада қашқын банкирдің ісі бойынша сот тергеулері жүріп жатыр. Енді оның халықаралық деңгейге жеткізген алаяқтық сызбасының қитұрқысын зерттеуге ирланд билігі де қосылды. Міне, Әбіләзовтің барар жері, басар тауы қалмады десек те болады.Алмас БОЛАТОВ.