• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2013

Онда енді Отан жоқ

352 рет
көрсетілді

Онда енді Отан жоқ

Бейсенбі, 13 маусым 2013 2:33

Мына қазіргі өмірдің бар құндылығы ақшамен ғана бағаланып тұрған заманда 6 миллиард долларды қалтаға басып, шетел асу, онда сайрандап өмір сүру қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовтің асқан алаяқтығының шектен шыққандығынан туындаған жайт болып отыр. Бірақ оның бұл алаяқтығы алысқа жібермей етегіне айырылмастай қылмыстық іс болып жабысты. Сонан «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, енді күнделікті көрер жарығының өзі азайып, нақты түрмеге тоғытылар уақыттың да таяғанын сезгендей аласұруда.

Бейсенбі, 13 маусым 2013 2:33

Мына қазіргі өмірдің бар құндылығы ақшамен ғана бағаланып тұрған заманда 6 миллиард долларды қалтаға басып, шетел асу, онда сайрандап өмір сүру қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовтің асқан алаяқтығының шектен шыққандығынан туындаған жайт болып отыр. Бірақ оның бұл алаяқтығы алысқа жібермей етегіне айырылмастай қылмыстық іс болып жабысты. Сонан «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, енді күнделікті көрер жарығының өзі азайып, нақты түрмеге тоғытылар уақыттың да таяғанын сезгендей аласұруда.

Өйткені, еліміздің әділ заңы бойынша қолымен істеген қылмысын кез келген адам мойнымен көтеруге тиіс. Ал Әбіләзов не істемеді дейсіз? Соның бір парағын айтар болсақ, кезінде «БТА Банк» бойынша ғана Мұхтар Әбіләзовтің алаяқтық істері елден шығып, шетел асты. Сөйтіп, алғашында Қазақстандық банктің Мәскеудегі Кутузов даңғылында ғимараттары пайда болды. Бұл ғимарат жөнінде «БТА Банк» АҚ пен «АИСТ» ЖШС 2008 жылдың 7 қарашасында келісім жасаған.Бұл құжат бойынша, «АИСТ» ЖШС 24 миллион долларды несие ретінде «БТА Банктен» алып, Кутузов даңғылындағы 1464 шаршы метрлік ғимарат пен компанияның 100 пайыз үлесін үш айдың ішінде рәсімдеп, кепілдікке қоюы керек болатын. Бірақ «АИСТ» кепілдікке қою жөніндегі міндеттемелерін орындаған жоқ, ал несиеге алған ақшаны оффшорлық компаниялар арқылы шетел асырып жіберді. Өйткені, несие берілген кезде «БТА Банктің» де, «АИСТ» ЖШС-ның да иесі Мұхтар Әбіләзов болатын. Осылайша, Мұхтар Әбіләзов бастаған қылмыстық топ «БТА Банк» пен «Темірбанк» несиелерін өздерінің фирмаларына үлестірген. Яғни, екі банктің қаражатын да, жоғарыда айтқанымыздай, аяусыз шашып талан-таражға салған.Оның үстіне, ол 2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресейдегі «БТА» «Ресей Банкінен» 24 миллиард рубль алып, ол қаражатты валютаға айырбастап, бір күндік фирмалар арқылы шетел асырған. Оның «Евразия» деп аталатын инвестициялық-өнеркәсіптік то­бы «Согаз» сақтандыру тобына «Волна» деп аталатын бизнес-орталығын 140 миллион долларға сатып жіберген.Әлемге әйгілі «БТА Банкті» 1992 жылдан бері Украина да жақсы біледі. Қазақстандық «БТА Банк» пен «БТА Банк Украинаның» арасында украиналық банктің 39,99 пайыз акциясына қатысты дау өршіді. Қазақстан жағы сатып алған акцияны өз қолында ұстап қалу үшін банктің атын да өзгертпекші болды. Осылайша, ТМД төңірегіндегі салмақты банктердің бірін талан-таражға салған Мұхтар Әбіләзовтің кесірінен қазір көршілес елде ұзаққа созылған даулы әңгімелер шегіне жетті. Қашқын банкирдің ұсталатын уақыты жетті. Жақында ғана Италияда қашқын олигарх отбасымен жасырынып жатқаны анықталғанда, әттеген-ай, оның өзі болмай қалды. Өйткені, өзгелерді сатып үйренген сатқын банкирге, жеме-жемге келгенде, отбасын да отқа тастап кету қиындық келтірмеген секілді.

Алмас БОЛАТОВ.