• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2013

Достастықтағы бірегей кәсіпорын

242 рет
көрсетілді

Достастықтағы бірегей кәсіпорын

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:20

ТМД аумағындағы рентген аппараттарын шығаратын бірегей кәсіпорын –  «Ақтөберентген» ак­цио­нерлік қоғамы  жаңа жылға мол тартумен келді. Бұрынғы жыл­дарға қарағанда, өндіріс кө­лемі кеңейіп, өндірістік көр­сет­кіштерде ілгерілеу болды. Жаңа технологиялық жобаларды жүзеге асыруда зауыттың инженер-техник қызметкерлері жыл өткен сайын белсенділік танытуда. Со­ның нәтижесінде кәсіпорын қа­зір әлемдік стандарттарға сай­ өнімдер шығарып,

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:20

ТМД аумағындағы рентген аппараттарын шығаратын бірегей кәсіпорын –  «Ақтөберентген» ак­цио­нерлік қоғамы  жаңа жылға мол тартумен келді. Бұрынғы жыл­дарға қарағанда, өндіріс кө­лемі кеңейіп, өндірістік көр­сет­кіштерде ілгерілеу болды. Жаңа технологиялық жобаларды жүзеге асыруда зауыттың инженер-техник қызметкерлері жыл өткен сайын белсенділік танытуда. Со­ның нәтижесінде кәсіпорын қа­зір әлемдік стандарттарға сай­ өнімдер шығарып, салалас өндіріс орындары арасында көш бастауда. 2007 жылы «Қа­зақ­станның Даму Банкі» АҚ-тың қолдауымен Еуропаның бірқатар елдерінде, Канада мен Жапонияда шығарылған заманауи құралдармен жабдықталған кәсіпорын өндірістің жаңа дең­гейіне өткен болатын. Ин­вес­тициялық жобаның 2006-2008 жылдардағы бірінші кезегін жү­зеге асырудың нәтижесінде  ак­ционерлік қоғамның өндіріс­тік базасы ауыр рентген техни­ка­сы­ның бұрынғыдан да көп түрін дайындауға мүмкіндік алды. Осын­да шығарылатын «АРМАН» рентген аппараттары мен  «ФлюАРком» флюорографиялық кабинеттері әр емханада, әр ауруханада тұр десек, артық емес. 20-30 жылдан бері шығарылып келе жатқан «АРМАН» маркалы аппараттар Қазақстанның ғана емес, Ресейде де, Украинада да сұранысқа ие.

Мұнда сондай-ақ,­ ита­лия­­­лықтармен бірле­сіп «АРДИАГНОСТ» диаг­ности­ка­лық кешені шығарылады. Үкіметтің дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканы диверсификациялай отырып, шикізатқа бағыныштылықтан кетуді ұстанған дағдарысқа қарсы бағдарламасының аясында  кәсіпорында  өндірісті ұйымдастыру және ауыр меди­ци­налық рентген техникасы са­ласының тармағын құру жобасы жасалған. Акционерлік қоғам өзінің өндірістік базасында өте күрделі жоғары технологиялы медициналық рентген техникасы – компьютерлік томография дайындауды қолға алды. Еліміздің машина құрылысы са­ласындағы инновациялық, сер­пінді бағдарлама болып есептелетін үдемелі индус­трия­лық-инновациялық да­му­ бағдарламасының аясын­да дайындалған он алты қи­ма­лы алғашқы қазақстандық компьютерлік томография   Ақ­тө­бедегі емханалардың біріне орналастырылды. Бұл жобаны жүзеге асыру, яғни кәсіпорынның өте қарапайым және жеңіл палаталық аппараттарды өндіруден  рентген-диагностикалық кешендер мен компьютерлік томография секілді күрделі өнімдер мен ақпараттық жүйелерге ауысуы Қазақстандағы машина құрылысы саласына тың серпін берді.  Қазір бәсекеге қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші бойынша бұл зауыттың өнімдері медициналық мақсаттағы рен­тген-диагностикалық аппараттар дайындау саласында бұрынғы кеңестік елдердің кәсіпорындары арасында үздік бестікке кіреді.Кәсіпорын  сандық ком­пьютерлік технология,­ жо­ға­ры жиіліктегі қуат беретін құрылғылар, микропроцессорлық және есептеу техникасы сала­сын­дағы озық жетістіктер негізінде рентген-диагностикалық м­е­ди­циналық аппараттар түрін кө­бейтуді, оларды одан әрі­ жетілдіруді көздеуде. Қа­зір «Ақтөберентгеннің» өнім­де­рін әлемнің жиырмадан ас­там елі пайдаланып отыр. Олар­дың арасында «ЖЕҢІС», «САНЖАР» стационарлық рентген флюорографиялық аппарат­тары, бірінші медициналық жәр­дем көрсететін жылжыма­лы «АРГАЛЕН» кешені, бак­те­риологиялық жылжымалы «АРРАЗИ» зертханасы, жылжымалы дезинфекциялаушы  «АРХИМЕД» кешені және басқаларының техникалық параметрлері бойынша  деңгейі посткеңестік кеңістіктегі ел­дер­дегі кәсіпорындары шыға­ра­тын осындай өнімдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, анағұрлым сапалы. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігінің апаттық медициналық қызметі үшін жылжымалы госпиталь жасау жүйеге түсті. Көп функция­лы жылжымалы медициналық кешен төтенше жағдай болған аймақта, қайғылы жағдайлар орын алған ошақтарда қолданылады. Кә­сіп­орынның «Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2015 жылға арналған көлік стратегиясын» жүзеге асы­ру барысында жасалған сер­пінді өнеркәсіптік жобасы – «АРСКАН» инспекциялық-тек­серу кешенінің жобасы дайындалды. Бұл кешеннің базасында жүк көліктерін ашып-жаппай-ақ кедендік тексеруден өткізуге болады екен.Маммографиялық, хирур­гия­лық, урологиялық, стома­то­логиялық және басқа ма­ман­дандырылған рентген-диагнос­тикалық техникалардың тағы бір толқынын одан әрі өндіру, жасау, шығару кә­сіп­орынның күнделікті жоспарындағы жұ­мыс­тар. Жалпы, кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етеді. Акционерлік қоғам  жұмысшыларының орташа еңбекақысы 90 мың теңге шамасында. Оларға еңбек және өндірістік жағдай туғызылған, әлеуметттік қолдау да жақсы.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».