• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

«Тоғас» пен «Андас». Мақсатынан танбас

324 рет
көрсетілді

«Тоғас» пен «Андас». Мақсатынан танбас

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:09

Павлодар ауданы – өңір тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған облыс орталығына жақын орна­ласқан аудан. Ауданда былтырғы жылы 140 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіліпті. Мысалы, Зейнолла Сәлменбаев бас­қа­ратын «Андас» шаруа қожалығы 520 гектар алқапқа картоп салды. Өнімге деген сұраныс көп. Әрбір гектарынан 200 центнерден картоп алыпты. Қоймада қыста сақтайды.

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:09

Павлодар ауданы – өңір тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған облыс орталығына жақын орна­ласқан аудан. Ауданда былтырғы жылы 140 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіліпті. Мысалы, Зейнолла Сәлменбаев бас­қа­ратын «Андас» шаруа қожалығы 520 гектар алқапқа картоп салды. Өнімге деген сұраныс көп. Әрбір гектарынан 200 центнерден картоп алыпты. Қоймада қыста сақтайды. Қожалық 2012 жылы мемлекет тарапынан өсімдік ша­руа­шы­­лығын қолдауға 7 миллион теңгеге жуық субсидия, егін егу және жиын-терім науқан­дарына арзан бағалы жанар-жағармай алыпты. Ал «Набережное» шаруа қожалығының басшысы Арман Сәлменбаев болса, 7 мың гек­тарға күнбағыс, егін салыпты. Былтырғы қуаңшылық оңай болған жоқ. Гектарынан 5 центнер күнбағыс алдық. Ауа райының қо­лайсыздығын ескерсек, шығым жаман емес. Жерді өңдеудің арқасында осындай шығым­ды­лыққа қол жеткіздік. Ал қазір, биылғы жыл­ғы егін егу науқанына топырақты дайындауды бастап кеттік, дейді ол.

Бұл жігіттермен қатарлас келе жатқан «Тоғас С» шаруа қожалығының да алға қой­ған жоспарлары бар екен. Серіктестікте 2011 жылдан бастап 930 ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасы және 800 гектар суармалы учаске құрылысын көздейтін жалпы құны 2 млрд. теңгеден астам инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Шаруа қожалығы жоба құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізуде. Бүгінде 300 миллион теңгеге жуық қаржы жұм­сапты. Нәтижесінде, 3 бірдей мал қора­ның негізгі қаңқасы тұрғызылып, төбесі жабылуда. Ал суармалы алқаптың құрал-жаб­дықтарына қажетті 700 миллион теңге шама­сындағы қаржыны алдағы уақытта «Бизнес­тің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Темірбанктен» алуға ниетті.

Несие алу келісімшарты оң шешімін тапты, дейді серіктестік басшысы Жасұлан Ахметов. Жоба жолға түссе, бұл ферманың берері мол екеніне сенімді. Шаруа қожалығы асыл тұқымды сүтті сиырларды Германиядан әкеледі. Малды өзгеше тәсілмен өсірмек. Яғни жаңа технология бойынша сиырлар қорада байланбай еркін жүреді. Жайылымға шықпайды. Қалаған уақытында жем-шөбін жеп, суын іше алады. Әрбірінің жататын орны жасалады. Тіпті, сүйкенетін арнайы щеткалары да болады. Күніне бірнеше рет сауылады. Сиырларды сауу жұмысын немістің озық техникасы жүзеге асырады. Мұндай жаңашылдық әрбір сиыр беретін сүттің көлемін 15-20 пайызға арттырады екен. Ал, жиі қозғалыста болатын мал, көп ауырмайды, дейді мамандар. Бұл ретте техника мен мал сатып алуға қажетті 917,2 миллион теңге қаржыны серіктестік «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алады. Қазіргі таңда құжаттары реттелді. Тауарлы-сүт фермасы 2014 жылы іске қосылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Шаруа қожалығы жұмысшыларға арнап «Агроқалашық» құрылысын жүргізуде. Се­рік­тестік Чернорецк ауылдық округі ау­мағында, фермаға жақын жерде 32 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйді қалпына келтіріп, жұмысшыларды сонда орналастырады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.