• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Бүлдіршіндер қуанышы

367 рет
көрсетілді

Бүлдіршіндер қуанышы

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:11

«Сабақты ине сәтімен», «Қуан­са бала қуансын» демекші, таяуда Жамбыл ауданы, Жаңақұ­ры­лыс ауылында «Айгөлек» ба­ла­бақ­шасының құрылыс жұмы­сы толық аяқталып, пайдалануға бе­рілді. Бүлдіршіндер қуаны­шын бө­лісуге арналған салтанатты жиын­ды Алматы облы­сының әкі­мі Аңсар Мұсаханов ашып, «Бү­гінгі күннің басты тала­бының бі­рі балаларға жағ­дай жасау. Сөй­­тіп, ел болаша­ғының іргесін бекі­те түсу болып саналады», де­ді. Келесі кезекте, «Ардақты Ана» Алтынқыз Нү­сіп­әлиева мен ауыл ақсақалы Данияр Сыдықов ұла­ғат­ты әңгіме айтып, бата берді.

Қос қабатты, 280 балаға ар­нал­­ған балабақшада 65 адам ең­бек етеді. Республикалық бюджеттен балабақша құрылысына 425,3 млн. теңге бөлінсе, бала­бақ­­шаның құрал-жабдықтарын са­тып алуға облыстық бюджеттен 20 млн. теңге жұмсалыпты.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.