• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Шілде, 2019

Минск тұрғындары Қазақстаннан әкелінген өнімдерден алғаш рет дәм татты

540 рет
көрсетілді

Биылғы 3-5 шілде аралығында Минскіде қазақстандық азық-түлік өнімдерінің көрмесімен қатар Беларусь-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстан мен Беларусь елдері – егемендік алғаннан бері бір-бірімен байланысын үзбеген байырғы серіктестер. Және 25 жылдың ішінде қуатты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізін қалады. Екі мемлекетті табысты сауда-экономикалық қарым-қатынасын 70-тен астам мәмілелі құжаттар байланыстырады. 2018 жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 895 миллион долларды құраса, 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 пайызға өсті. Қазақстан өндірушілерінің көрмесі осы көрсеткішті ұлғайтуға және жаңа серіктестік келісімдерді жасауға жаңа серпін береді деп күтілуде.

Беларуссиядағы Қазақстанның елшісі Ермұхамет Ертісбаев көрменің ашылу салтанатында: «Қазақстандағы барлық дүкендерде, облыстық қалаларда, оның ішінде қала түріндегі ауылды жерлерде беларуссиялық тағамдық өнімдер кеңінен таралған. Қазақстан беларуссиялық өнімдер үшін нарықтың есігін кеңінен ашты. Іскерлік кеңестің жұмысы барысында қазақстандық тағамдық өнімдерден басқа өнімдер де Беларуссияда кеңінен таралуға жол ашады дегенге сенемін» дейді.

«Беларуссияның Қазақстанмен қарым-қатынасы ырғақты да оңды дамып келеді. Қазақстанда 40 тауар өткізуші субъект және Беларуссияның қатысуымен 256 кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің елде қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін 49 кәсіпорын бар. Тауар айналымы тұрақты өсіп келеді, біз 1 млрд долларға жетуді көздейміз», – дейді  БелТПП төрағасы Владимир Улахович.

Көрмеде қазақстандық өндірушілер ұн және макарон, тұздық пен май, ет консервілерінің, табиғи сусындар мен кондитерлік өнімдерін ұсынды. Көрмеге келушілер Қазақстанда жасалған өнімдерден ауыз тиіп, өнімдерді бағалауға мүмкіндік алды.

«Қазақстандық тағамдық өнімдер бүгінгі таңда жоғары сапа деңгейіне жетті. ТМД елдерінің жетекші өндірушілеріне бәсекелес бола алады.  Макарон, нан-тоқаш, сүт, кондитерлік және ет өнімдерін жасауда біз жақсы деңгейге жеттік. Меніңше, қазақстандық өндірушілер осы жетістікпен тоқтап қалмауы керек. Осы сатыда шетелдік нарықты белсенді жаулап алу үшін бізде қажеттінің барлығы бар», – дейді «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС бас директоры Канат Тапаев.

Іскерлік кеңестің жемісті жұмысының бір нәтижесі «Hyundai» арнайы техникалық модельдерінің қатарын бекіту және Подснаб пен МАЗ беларуссиялық серістестермен жеткізілім жөніндегі экспорттық келісімдері болып отыр.

Қазақстандық өндірушілердің беларуссиялық тауарлық желілердің өкілдерімен және дистрибьюторларымен өткен кездесулерінде де нақты келісімдер жасалған. Осылайша, құрамына 29 дүкен мен 4 мейрамхана кіретін «Радзивилловский» желісінің өкілдері қазақстандық тағамдық өнімдердің барлық ұсынылған түрлерін сатып алуға қызығушылық тудырды. Тараптар сынауға партияны жеткізу туралы келісті.

Беларуссиялық гипермаркеттердің көшбасшы «Гиппо» қазақстандық өнімдерді импорттауды бастайтын бірінші желі болуға ниет білдірген. Ерекше сұраныстағы тауарлар ұн, макарон өнімдері және табиғи сусындары болып табылады.