• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Үмітімізді үкілеп отырмыз

291 рет
көрсетілді

Үмітімізді үкілеп отырмыз

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:17

Мен жаңа жылдағы сөзімді жермен жұмыс істейтін шаруа адамы ретінде өзімді, әрі агроқұрылымдарда қызмет істейтін барлық әріптестерімді қуантып, үміттендіріп отырған мәселеден баста­ғым келеді. Өткен жылдың қараша айында республика Ауыл шаруашылығы ми­нис­трінің орынбасары Ақжайықтағы шаруа қожа­лықтары жетекшілерімен кез­­­­­де­сіп 2013-2020 жыл­дарға арналған арго­өнеркәсіп кешенін дамытудың ау­қым­ды бағдарла­масы әзірленгенін әңгі­мелеп берді.

 

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:17

Мен жаңа жылдағы сөзімді жермен жұмыс істейтін шаруа адамы ретінде өзімді, әрі агроқұрылымдарда қызмет істейтін барлық әріптестерімді қуантып, үміттендіріп отырған мәселеден баста­ғым келеді. Өткен жылдың қараша айында республика Ауыл шаруашылығы ми­нис­трінің орынбасары Ақжайықтағы шаруа қожа­лықтары жетекшілерімен кез­­­­­де­сіп 2013-2020 жыл­дарға арналған арго­өнеркәсіп кешенін дамытудың ау­қым­ды бағдарла­масы әзірленгенін әңгі­мелеп берді.

Министрлік өкілі бұл мақсатта, әсіресе, астық өсірумен айналысатын азаматтарға тұтас ел бойынша қомақты несие бөлінетінін де айтқан еді. Ең бас­тысы, біздерді бұл қаражаттардың өте тиімді түрде әрі ұзақ мерзімге берілетіні, тіпті осы арқылы бұрынғы қарыздардың орнын толтыруға да болатындығы қуант­ты. Жаңа жылда Үкімет елге аса қажетті осы бағ­дарламалық жобаны бекітсе, бұл бәріміз үшін үлкен қолдау болады деп есептеймін.

Енді мені шаруа баққан адам ретінде жаңа жылда не толғандырады, не ойландырады деген сауалға тоқталсам – рес­пуб­ликада мал өсірумен айналысқысы келе­тіндерге де осындай қаржылай қолдау тетіктері жасалса ежелден мал бағуды кәсіп етіп келген қазақ елі үшін бұл баға жетпес көмек болмақ. Біз Ресеймен көршілес қоныстанғандықтан онда мал шаруашылығы кешенін дамыту ісінде тауар өндірушілер үшін өте тиімді бағдар­лама іске асып жатқанының куә­гері болып жүрміз. Бұл бағытта көр­шілер бір-бірінен үйреніп, тәжірибе алмасқанының ешқандай артықшылығы жоқ деген ойдамын.

Керісінше, ресейлік әріптестеріміз Қазақстанның агро-қаржы жүйесіндегі ілкімділік пен жеделділікке тәнті, таң-тамаша болып кеткені бар. Жағдай былай болған еді. Осы жүйе арқылы біздер егін орағы қарсаңында «Вектор-410» деп аталатын бүгінгі заманғы алымды да шалымды астық жинайтын комбайнға қол жеткізе алдық. Тіпті, олар егін орағы нау­­қанының маңызын ескере отырып артық-ауыс құжаттарды да сұрамастан жеті жыл­ға лизингтік тәсілмен бере салды.

Әрине, қуанышымызда шек болмады. Оның үстіне қазагроқаржылықтар әр комбайыннан 1,5 миллион теңгені кем алып тағы да қаржылай жеңілдік жасады. Жаңа техниканың ойдағыдай өнім жинауға тигізген әсері айтарлықтай. Орал өңірінде құрғақшылық орын алған өткен жылдың өзінде қожалықта әр гектардан орта есеппен 13 центнерден өнім жиналды. Шаруа адамының ыңғайына қарай икемделу деген осы емес пе?

Анатолий ДОЦЕНКО,

Зеленов ауданындағы

шаруа қожалығының жетекшісі.

Батыс Қазақстан облысы.