• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Электронды аукцион арқылы сауда

385 рет
көрсетілді

Электронды аукцион арқылы сауда

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:27

2012 жылдың қорытындысы бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ «Еуразия сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауар биржасында жасырын аукцион арқылы өткізген астықтың жалпы көлемі 1 млн. тоннадан асты. Бұл ретте ең жоғары баға тоннасына 47 064 теңгені (ҚҚС қоса) құрады.

 

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:27

2012 жылдың қорытындысы бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ «Еуразия сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауар биржасында жасырын аукцион арқылы өткізген астықтың жалпы көлемі 1 млн. тоннадан асты. Бұл ретте ең жоғары баға тоннасына 47 064 теңгені (ҚҚС қоса) құрады.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 3-сыныпты жұмсақ бидайды коммер­циялық сату мақсатында Қазақстанның астық рыногында бірінші рет жасырын электронды биржалық аукциондарды өткізуді бастағанын естеріңізге саламыз.

Жасырын биржалық аукцион – бұл сау­да тәртіптерінің барынша айқындығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамта­масыз ететін ЕСЖ биржасындағы электронды онлайн-сауда-саттық режимі. Сау­да-саттықтарға бір сатушы және көп­те­ген жасырын сатып алушылар қаты­сады. Нәтижесінде сауда-саттық кезінде қалыптасқан рынок конъюнктурасын ескеретін объективті рынок бағасына қол жеткізіледі.

Сонымен, алғашқы сауда-саттық 2012 жылғы 17 қазанда өткізілді. 20 мың тонна астық шығарылды: 5 000 тоннадан 4 лот, бастапқы бағасы тоннасына 45 000 теңгені (ҚҚС қоса) құрады. Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша тоннасы 45 010 теңгеден 5 мың тонна астық – 1 лот сатылды.

Бірінші сауда-саттықтың тәжірибесін ескеріп, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты өткізу шарттарына өзгертулер енгізгенін атап айту керек, бұл сауда-саттықты өткізуді жеделдетті. Ық­тимал сатып алушыларға қаржы ұйым­дарының кепілдемесімен 9 және 10 айға аукционда сатып алған астыққа төлем мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі беріледі. Соңғысының«Standard & Poor’s» агенттігімен берілген «В-» рейтингінен төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуіне ұқсас деңгейдегі рейтингі болуы тиіс. Нәтижесінде 2012 жылғы қазанның ортасынан бастап желтоқсанның соңына дейінгі кезеңде ЕСЖ сауда-саттықтарында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 1 млн. тоннадан астам астық сатты.

«Егемен-ақпарат».