• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Азық-түлік молшылығы үшін

259 рет
көрсетілді

Азық-түлік молшылығы үшін

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:39

Жуырда Астана қаласы әкімдігінде елордаға азық-тү­лік тауарларын жеткізу кө­лемін ұлғайту және ел­ор­даның мемлекеттік және квазимемлекеттік құ­ры­лым­дарының азық-­түлік белдеуі тауар өндірушілерінен азық-түлік сатып алуын ұй­ымдастыру мәселелерін тал­қылаған кеңес өтті.

 

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:39

Жуырда Астана қаласы әкімдігінде елордаға азық-тү­лік тауарларын жеткізу кө­лемін ұлғайту және ел­ор­даның мемлекеттік және квазимемлекеттік құ­ры­лым­дарының азық-­түлік белдеуі тауар өндірушілерінен азық-түлік сатып алуын ұй­ымдастыру мәселелерін тал­қылаған кеңес өтті.

Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұханбетов, сонымен  бірге  елордалық  бірқатар құрылымдардың, Ақмола облы­сы­ның сауда және қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі қала радиусынан 300 км. аумағын, тиісінше Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданын қамтиды. Азық-түлік белдеуі шекарасында Астана қаласымен қоса азық-түлік өндіру және қайта өңдеу саласындағы 916 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 270-і ірі және орта кәсіпорындар.

Қазіргі таңда елордада 773 мыңнан астам халық тұрады десек, қаланың әлеуметтік маңызды азық-түлікке жалпы сұранысы 2012 жылы 545 мың тоннаны (1 адамға есептегенде 704 кило) құ­раған. Бұл 2011 жылға қарағанда 30 мың тоннаға артық.

Астана қаласының азық-тү­лік белдеуін дамыту аясында елорда және Ақмола облысы әкім­діктерінің бірлесуімен қажетті бір­неше шаралар қабылданған. Азық-түлік белдеуі аймағынан жет­кізілетін азық есебінен Аста­на тұрғындарының тұтыну қа­жет­тілігі: етке – 43%, оның ішін­де сиыр етіне 53%; сүт және сүт өнімдеріне – 38%; тауық жұ­мырт­қасына – 97%; картопқа – 77%, көкөніске  32% қамтылады. Қа­был­данған шаралар азық-түлік белдеуі аймағынан әлеуметтік ма­ңызды өнімдер жеткізу кө­ле­мін жалпы азық-түлік тұтыну көлемінен 35%-ға дейін ұлғаюына, өз өндіріс көлемі 13% құрап, азық-түлік белдеуі шегіндегі импорт үлесі 2011 жылғы 72%-дан 2012 жылы 52%-ға дейін төмендеуіне мүмкіндік берген. Жалпы, қабылданып отырған шаралар азық-түлік тауарлары инфляциясын 2010 жылғы 112,7%-дан 2012 жылы 107,3%-ға төмендетуге мүмкіндік жасаған

Кеңесте отандық кәсіпкер­лер­мен осы жұмыс жасап тұрған бизнесті белсенді дамыту және жетілдіру, жаңа бағыттарды игеріп, қала экономикасын толықтыру қажеттілігі атап көрсетілді. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін бөлуден бас­тап, өндірістің инфрақұрылымын жүргізуге, тіпті өндірілген өнімді өткізуге дейін барлық кезеңдер бойынша жан-жақты көмек, қолдау көрсетпек.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».