• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2013

Аяулы менің ауылым

396 рет
көрсетілді

Аяулы менің ауылым

Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 6:27

Күн санап көркейіп, ажарлана өзгерген, өзінің сұлу табиғатымен еріксіз адамды бауырына баурап алатын Шымкент – Самара тасжолындағы айналасы терекке толы, түтіні тіке шыққан Махамбет ауылына сыртынан қызықтап күніне мыңдаған жолаушы өтеді. 16 ұлт өкілі мен 2500 халқы, төрт елді мекені бар ауылдың тыныс-тіршілігі өзінше қайнап жатыр. Махамбет атындағы жалпы білім беретін аралас орта мектепте 300 оқушы білім алса, оларға 59 ұстаз дәріс береді. Мектеп өткен жылы рес­публика қаражаты есебінен 112 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Матуза Абдулова «Намыс» үйірмесін жүргізеді.

Мектеп директоры Тілеген Абдрахманов мектеп жанынан оқушылар күшімен мұражай ашқандарын, бұл мұражай ауыл балаларының бос уақытын қызықты өткізіп, ауылдың өткенін жинақтап, рухани азық алатын орынға айналғанын мақтанышпен әңгімелейді. Мектеп жанындағы 3 пен 5 жас аралығындағы балаларға арналған шағын орталықта 42 бүлдіршін бар екен. Оларға 4 тәрбиеші ән үйретіп, жазу жазғызады.Ауылда орталық қоғамдық монша, ауыл клубы, шаштараз, нан пісіретін наубайхана, шұжық цехы, бірнеше дүкен тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауылдағы ағайынды Еркін мен Төлеп Насыровтар «Алтын-Болашақ» атты шаруа қожалығын құрып, 30 гектар жерге бау-бақша салып, 10 гектар жерге 2500 түп алма ағашын отырғызды. 2009 жылы облыс бюджеті қаражаты есебінен 2000 шаршы метрлік жерге жылыжай салды. Жылыжайда күзде қызанақ, көктемде қияр отырғызады, әрқайсысынан 20-30 тонна өнім алып сатуда. Қосымша өз қаражаттары есебінен тағы да 1600 шаршы метрлік жылыжай салуда. Ұлыстың ұлы күні әз Наурызда ауыл тұрғындарының дастарқанынан Еркін мен Төлептің жаңа піскен қиярлары табылады. Махамбет ауылының әкімі Сәбит Сатқанов ауыл тұрғындарына жеке кәсіпкерлікті дамытуға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қожалық ашуға көптеген жеңілдіктер қаралғанын, ауыл көгілдір отынмен толық қамтылғанын айтады.Ал «Шонайбеков» шаруа қожалығы сыбаға бағдарламасы бойынша 47 млн. теңге несие алып, 270 бас ірі қара малын сатып алды. Қазіргі таңда бұл шаруашылықта 1600 ірі қара, 800 бас қой бар.Аудан әкімі Марат Оңғарбеков дала дауылпазы, батыр ақын Махамбет атымен аталатын ауылдың ауданымыздың барлық елді мекендеріне үлгі екендігін айтты. Басқа елді мекендерді де осындай дәрежеге көтерсек, нұр үстіне нұр болар еді. Лайым солай болсын.

Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ауылы.