Кәсіпқой бокстың орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда шаршы алаңға көтеріледі. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
26 жастағы отандасымыз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласы осы аптаның ішінде белгілі болмақ. Кештің басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақтағы WBO чемпионы мексикалық Эммануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) соңғы жекпе-жегінде АҚШ боксшы Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленген-ді.