Өзбекстан хоккей федерациясы қазақстандық әріптестеріне Самарқан қаласының «Шердор» хоккей клубын 2019/2020 маусымдағы Қазақстанның ашық чемпионатына қатыстыру туралы өтініш білдірді.
Бұл мәселені талқылау үшін жуырда екі тараптың федерациялары келіссөз жүргізбек. Айта кету керек, егер Қазақстан чемпионатына бірінші шетелдік команда қатысатын болса, турнирдің ережелеріне түзетулер енгізу керек болады.
Сонымен қатар Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері «Шердор» командасының аренасын тексереді. Жоспар бойынша, «Самарқан Арена» мұз сарайы қыркүйекке дейін тапсырылуы керек.