• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

478 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокстың бірінші орта сал­мағында жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 26 қыркүйекте шаршы алаңға оралады.

Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде отандасымыз 32 жастағы мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) айқасады. Васкес 2010-2014 жыл­дар аралығында жеңіл салмақтағы IBF тұжы­рымының әлем чемпионы атанған.

Сонымен қатар бұл бокс кешінде Жүкем­баевтан бөлек, бірінші орта салмақ­тағы қандасымыз Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), екінші орта самақта жұдырықтасатын Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және орта сал­мақ­тағы Аман Қазанғапов (0-0-1) өзде­рінің рейтингтік жекпе-жектерін өткізеді.